Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін құжаттарды Online қабылдау

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін құжаттарды Online қабылдау бойынша

(2020 жылдың 25 тамызына дейін)

 

1. Талапкерге: келесі жеке құжаттардың сканер нұсқасын файл түрінде дайындау қажет:

1.1 Жеке куәлік (сканерден өткізілген немесе фото нұсқа);

1.2 Аттестат немесе диплом қосымшасы (сканерден өткізілген немесе фото нұсқа);

1.3 3х4 көлеміндегі фотосурет (JPEG форматында);

1.4 086-у нысанындағы медициналық анықтама (электрондық файл немесе қағаз күйіндегі (сканерден өткізілген немесе фото нұсқа);

1.5 2020 ж. қаңтардағы ҰБТ сертификаты болған жағдайда (сканерден өткізілген немесе фото нұсқа);

1.6 Сертификаттыңжалпы көрсеткіші - педагогикалық білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) түсуге ниет білдірушілер үшін – 70 балдан кем емес, басқа білім беру бағдарламалары (мамандықтары) үшін-50 балдан кем емес, бұл ретте 5 пәннің әрқайсысы бойынша көрсеткіш 5 баллдан кем болмауы тиіс.

2. Қосымша ұсынылатын құжаттар (бар болған жағдайда):

1) 1,2 топтағы мүгедектік, бала жасынан мүгедектігі туралы МӘСК анықтамасы, (сканерден өткізілген немесе фото нұсқа);

2) "жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" тобына жататынын растайтын құжаттар (сканерден өткізілген немесе фото нұсқа);

5) "Көп балалы отбасы "(КБӨ); "Арнайы әлеуметтік көмек алушы" (АӘК) топтарына жататынын растайтын анықтама (сканерден өткізілген немесе фото нұсқа);

6) "Дене мәдениеті және спорт, "Бастапқы әскери дайындық" білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін - "Спорт шебері" немесе "Спорт шеберіне кандидат" атағын беру туралы куәлік - бар болған жағдайда (сканерден өткізілген немесе фото нұсқа).

3. Сауалнаманы толтырған кезде міндетті түрде көрсету керектігі талап етіледі:

1. Тегі, аты, әкесінің аты

2. Туған күні

3. ЖСН

4. жеке куәліктің №

5. Жынысы

6. Азаматтығы

7. Ұлты

8. Білімі (№, білім беру мекемесінің атауы-мектеп, колледж)

9. 2020 жылғы қаңтар айындағы ҰБТ сертификатының № (бар болса)

10. Сертификаттың орташа балы

11. Берілген күні

12. Ұялы телефон нөмірі (wats app)- қолданыстағы нөмірлер

13. Таңдап алынған білім беру бағдарламасының шифрі мен атауы

14. Электрондық пошта (емайл адрес) - көрсетілген пошта мекен-жайына рұқсаттамаларды, шақыруларды, қабылдау науқанының барлық іс-шараларының кестелерін жолдау үшін

15. Жеке құжаттардың сканварианттары бар файлдарды бекітуді жүзеге асыру(жүктеу)

16. www.vkgu.kz сайты арқылы басты бетте "Құжаттарды онлайн қабылдау" терезесін ашып, тіркелу (сауалнаманы толтыру) және университет белгілеген құжаттардың сканерден өткізілген нұсқаларын жүктеу қажет. Тіркелу рәсімі мен жеке құжаттарды жүктеу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға талапкер өтінішінің тіркеу нөмірін телефон арқылы хабарлауы тиіс.

 

Қабылдау комиссиясы: жұм. тел.:.: 8(7232)540-812, 540-144, 541-133

Моб.тел.:(wats app).: 87013457689; 87777098388; 87772826092; 87713057757

 

× You found a Typo