Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ– «Эразмус+» халықаралық жобасы консорциумының қатысушысы

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ– «Эразмус+» халықаралық жобасы консорциумының қатысушысы

2016 жылдың 9-12 ақпан аралығында Тюмень мемлекеттік университеті аймақтық халықаралық ынтымақтастық институтының базасында «Трансшекаралық су пайдалану тұрақтылығы мақсатындағы институционалдық серіктестік: Ресей және Қазақстан» «Erasmus+» жобасын ашу және жобаны таныстыру іс-шаралары болып өтті.

Жоба Ресей, Қазақстан, Германия,Ұлыбритания, Грекия және Нидерланды сынды елдердің университеттері мен ұйымдарының күшін біріктіреді.

Салтанатты шараның ашылуына Еуроодақ тарапынан жобаның үйлестірушілері профессор, доктор Ральф Рески, профессор, доктор Эдгар Вагнер(Альберт Людвиг университеті, Фрайбург қаласы, Германия); Еуроодақтыңсеріктес-елдер жағынан: Г.В.Телегина, филология ғылымдарының докторы, Тюмень мемлекеттік университеті аймақтық халықаралық ынтымақтастық институтының директоры; сондай-ақ жобаның серіктестері: Аристотель атындағы университет (Салонники қ., Грекия), Афина қаласының университеті (Грекия), Рэдбуд университеті (Нидерланды), Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., Ресей), Томск мемлекттік университеті (Томск қ., Ресей), Югор мемлекеттік университеті (Ханты-Мансийск қ.,Ресей), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан), су және экологиялық проблемалар институты (Барнаул қ., Ресей), «Бодензее сумен жабдықтау»мақсатты бірлестігі (Штутгарт қ., Германия), «Тюмень Водоканалы» ААҚ(Тюмень қ., Ресей), Тюмень мемлекеттік университетіЖер ғылымдарының институты (Тюмень қ., Ресей) қатысты.

Іс-шараға С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тарапынан оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, б.ғ.д. А.Б.Мырзагалиева және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығыміндетін атқарушы Б.З.Медеубаева қатысты.

Кездесу барысында біріккен іс-шаралар кешені және шешілетін міндеттер талқыланып, 2015-2018 жылдар аралығында жобаны жүзеге асырудың кезеңдік жоспары ұсынылды және басқа да консорциум қатысушыларының тәжірибелері көрсетілді. Іс-шара аясында Стеллер портретінің және «Aus Sibirien – 2015» жинағының тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар қатысушылар үшін жобалыққұжаттаманыжүргізужәне рәсімдеу, «Эразмус+» жобасы есептерін рәсімдеу туралыпрактикалық семинар жүргізілді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

Эразмус+

× You found a Typo