Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Сандық гуманитаристика» білім беру бағдарламасына қысқаша түйіндеме

«САНДЫҚ ГУМАНИТАРИСТИКА» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚЫСҚАША ТҮЙІНДЕМЕ

Оқу мерзімі: Орта білім негізінде 4 жыл.

Білім алушының «Сандық гуманитаристика» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігі: «Сандық тарих», «Аналитикалық демография» дайындық траекториялары бойынша білім бакалавры.

Білім беру бағдарламасының міндеттері: гуманитарлық, білім беру және әкімшілік салада жаңа цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және түсіндіру мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында тарихи-гуманитарлық базада студенттерге арналған гуманитарлық, әлеуметтік және есептеу ғылымдарының пәнаралық әдістерін және практикасын қалыптастыру. Бұл білім беру бағдарламасына түлектерді дайындау Қазақстан Республикасының әкімшілік, мұрағаттық және кітапханалық құжаттамасын цифрландыруға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасының ақпараттық және сандық кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Түлектердің кәсіби қызметінің саласы:

- гуманитарлық салада зияткерлік жүйелерді жетілдіру және қолдану;

- ғаламторда ақпараттық базаны және интеллектуалды жүйелерді, ең алдымен, әлеуметтік салада, робототехникада, ақпаратты іздеуде және интеллектуалды өңдеуде қалыптастыру;

- практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, білімді ұсыну және онымен жұмыс істеу тәсілдерін зерттеу және модельдеу;

- гуманитарлық бағыттағы мәтіндік, сандық және графикалық ақпаратты автоматтандырылған өңдеу бөлімшелері бар барлық ұйымдарда, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді (оның ішінде интеллектуалдық) бағдарламалық қамтамасыз ету және лингвистикалық қолдау саласындағы кәсіби қызмет.

Білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіптік қызмет объектілері:

- ғылыми-зерттеу мекемелерінде, әкімшілік мекемелерде, мұрағаттарда, мұражайларда, кітапханаларда деректер базасын басқару жүйесі;

- гуманитарлық контентпен толтырылған ақпараттық жүйелер;

- гуманитарлық салада интеллектуалдық жүйелер, оның ішінде: интеллектуалды деректерді талдау және машина жасауды үйретуші жүйелер;

- оқыту жүйесі;

- зияткерлік өңдеу және деректерді іздеу жүйесі.

Түлектердің кәсіптік қызмет түрлері:

- жобалық-гуманитарлық;

- ғылыми-зерттеу;

- әкімшілік және басқару.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Сандық гуманитаристика» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын профессорлық-оқытушылық құрамы: т.ғ.д., профессор Жанбосинова А.С., т.ғ.д., профессор Алексеенко А.Н., т.ғ.д., профессор Игибаев С.К., т.ғ.к., доцент Аубакирова Ж.С., т.ғ.к., доцент Ражепаева Ф.З., әл.ғ.к. Столярова Э.О., аға оқытушы Егоренкова Е.Н.

Оқытушылар отандық және шетелдік ғылыми журналдарда, республикалық және халықаралық конференцияларда жарияланымдары бар; кемінде бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының, Ресейдің (Новосибирск, Барнаул, Санкт-Петербург) жетекші ғылыми орталықтарында, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында біліктілігін арттырудан өтеді.

× You found a Typo