С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің сапа саласындағы мақсаттары
Стратегиялық мақсаттар
- Әлемдік дамудың заманауи жаһандану үрдістері мен трендтерін сыни тұрғыдан аксиологиялық талдауға қабілетті құзыретті, көптілді, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру.
- Ұлттық мәдениет пен тілдің әлемдік өркениетті кеңістікке кірігуіне ықпал ету.
- Сапалы білім беру қызметтерінің көрсетілуін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.
- Елдің, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласының басым бағыттарының дамуын ғылыми және ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
- Ұлттық ғылыми инновациялық жүйені қалыптастыруға қатысу.
- Кәсіби және әлеуметтік құзыреттіліктерге ие тұлғаны, азаматты және патриотты тәрбиелеу.
- Университетті басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру және жаңғырту.
Негізгі міндеттер
- Университеттің академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту.
- Басқаруда жобалық менеджмент қағидаларын қолдану және тиімділіктің түйінді көрсеткіштерін енгізу.
- Үш тілді білім беру бағдарламалары, ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары мен экспериментті білім беру бағдарламаларының үлесін арттыру.
- Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық жобалардың саны мен көлемін ұлғайту, ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау.
- Халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейту және білім беру хабын дамыту.
- Компьютерлік паркті жаңарту, Интернет желісіне кіру жылдамдығын арттыру, IT-университетіне көшу, оқу ғимараттарында бейнебақылау орнату.
- Кітапханалық, әкімшілік және қосымша үрдістерді автоматтандыруды жетілдіру және серіктес-жоғары оқу орындарының ғылыми кітапханаларына, электронды мәліметтер қорына университеттің желілік ресурстары арқылы қол жетімділікті қамтамасыз ету.