Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Сапа саласындағы саясат

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің
САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бәсекеге қабілетті оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, ақпараттық және материалдық базасы, сонымен бірге жоғары білікті педагогикалық кадрлары бар еліміздің жетекші білім беру мекемелерінің бірі болып табылады.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті жоғары оқу орнының әлемдік білім беру, ғылыми және ақпараттық кеңістігіне ықпалдасуы жағдайында елдің инновациялық дамуы үшін кредиттік, қашықтықтан оқыту жүйелері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.  

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Сапа саласындағы саясаты университеттің 2018-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасынан туындайды және Университетте жүзеге асырылатын барлық үрдістерді және олардың өзара байланысын үздіксіз жақсарту мен жетілдіру арқылы әлемдік тенденциялар мен Болон процесінің қағидаларына сәйкес үздіксіз білім берудің сапасын қамтамасыз етуге бағытталады.  

Университет басшылығы өзінің жалпыға бірдей сапа менджементі (TQM) қағидаларын қолдайтынын көрсету мақсатымен сапа саласындағы ұзақ мерзімді саясатты ресми түрде жария ете отырып, өзіне сапа менеджменті жүйесін үнемі жақсартуда және оның  заманауи халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуде көшбасшы рөлін алады.

Университет қызметкерлері сапаны басқару қызметіне барынша тартылған. Білім беру сапасы саласындағы саясат университет стратегиясының ажырамас бөлігі және оның білім беру қызметін жоспарлаудың негізі болып табылады. Университет мақсаттарын іске асырудың негізгі факторлары өкілеттіктер беру, ортақ мақсаттар жолында командалық жұмыс, үнемі білім алу, еңбек жағдайына көңіл бөлу, табыс пен жетістіктерді қолдау болып табылады.

× You found a Typo