Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Серпін-2050» штабы

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Серпін-2050» штабы

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизиясы, 34 к., №1 оқу ғимараты, №133 бөлме
Тел.: 8 (7232) 541-433, (ішкі т. 114)
E-mail: Serpin2050@mail.ru

«Серпін-2050» штабының жетекшісі – Байжұманова Лейла Төлеубайқызы

Байжұманова Лейла Төлеубайқызы базалық білімі бойынша дәрігер-гигиенист, эпидемиолог. 1987 жылы Қараганды мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Университетте 1991 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 1991 ж. – ТМД елдерінің экологиялық мәселелері бойынша сарапшылар комиссиясының мүшесі. 1991-2010 жж. – медициналық-профилактикалық, медициналық-биологиялық факультеті, экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінде оқу-әдістемелік сұрақтар бойынша деканның орынбасар қызметін атқарған; 2000-2004 жж. – ШҚМУ жанында құрылған Семей медициналық университеті филиалының директоры; 2004-2008 жж. – ШҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы; 2007-2008 жж.- маркетинг және келісім шарт қатынастар бөлімінің жетекшісі; 2015-2016 жж.- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлім бастығының м.а.; 2016 жылдан бастап – «Серпін-2050» штабының жетекшісі қызметін атқаруда. Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша қомақты тәжірибесі бар.

Әртүрлі кезеңдерде штабты басқарған тұлғалар:

– 2014-2015 оқу жылы – Оразалин Сләмбек Қалибекұлы, филол. ғ.к. доцент

– 2015-2016 оқу жылы – Кәдіров Берік Кәдірұлы, 6M060900 – География мамандығының магистранты

«Серпін-2050» штабы университеттің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» жобасының жұмысын жүзеге асырушы оқу-кәсіптік бағдар орталығы, университеттің құрылым бөлімі болып табылады. Штаб «Серпін-2050» мемлекеттік жобасына басқа ҚР 19 ЖОО – мен қатар белсенді қатысудың нәтижесінде 2015 жылы құрылған. Университет еңбек ету мүмкіншілігі аз оңтүстік аймақтарынан - Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан келген жастарды оқыту мен еңбек орындарына жайғастыру мақсатында жүзеге асырылатын «Мәңгілік ел жастары - индустрияға»- «Серпін- 2050» мемлекеттік жобасына ат салысып алдыңғы қатарда келетіні баршаға мәлім.

«Серпін-2050» штабының мақсаты мен негізгі міндеттері

  • «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруындағы кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыру;
  • Университеттің білім беру бағдарламаларына және барлық оқу түріне талапкерлерді қызықтырып шақыру жұмысын қамтамсыз ету;
  • Ақпараттық-кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында ҚР оңтүстік аймақтарына баруды жоспарлау мен ұйымдастыру;
  • Оңтүстік облыстар талапкерлерлерінің арасынан студенттер контингентін қалыптастыру жұмысына қатысу;
  • «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын университет жастарының арасында құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу жұмысын ұйымдастыру;
  • Ректорат, университеттің жоғары органдарының шешімдерін іске асыру жұмысын жүргізу;
  • «Серпін-2050» бағдарламасы студенттерінің университет жатақханаларына орналасу әрекеттеріне ықпал жасап, қолдау көрсету.

«Серпін-2050» штабының университет бөлімдерімен байланысы

  • Университеттің басқа барлық құрылым бөлімшелерімен, деканаттарымен, кафедраларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды;
  • Спорттық клубпен, студенттік кәсіподақ ұйымымен, студенттер үйлерінің студенттік кеңестерімен бірігіп жұмыс жүргізеді.

Штаб құрамы:

ТАӘ Лауазымы Байланыс үшін мәліметтер
1 Байжұманова Лейла Төлеубайқызы Штабының жетекшісі Ү.т.87232 541-433
Моб.87013457689
× You found a Typo