Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Серпін-2050

Жарқын болашаққа лайықты сапар!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қазақстанды қарманға» апарар жолдан адаспауға негізделген темірқазық іспетті.

Стратегия мазмұнына сай дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау қазіргі таңдағы күнтәртібіне қойылған аса өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, ел Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» жобасын қабылдап, жүзеге асыруда.

Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды Қазақстанның солтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастырып, өңірдегі кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу. Білім мен ғылымның Шығыстағы қарашаңырағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2014 жылдан бері осы жоба аясында 460-тан астам студент қабылдап білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыруда.Университет жанынан арнайы «Серпін-2050» штабы құрылып, жоба жұмысы ойдағыдай жалғасуда.

Қазіргі таңда Университетіміз әлеуметтік бағдарлама негізінде Шығыс Қазақстан облысында тапшылық тудырған мамандықтар бойынша сапалы білім беруде. Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін университет, кәсіпорын және жергілікті атқарушы билік өкілдерімен жасалған келісім шартқа сәйкес жұмысқа орналасуға тікелей университет ықпал жасайды. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ заман талабына сай, материалдық-техникалық базамен жабдықталған және студенттер үйімен толық қамтамасыз ете алатын еліміздегі санаулы жоғары оқу орындарының бірі. Сапалы білім алып, білікті маман атанып, Отанымызға адал қызмет ететін азаматтардың қатарына қосылу мақсатында, ШҚМУ-ды таңдауды ұсынамыз! Ертеңгі атар таңдардың жарқын болашағын қомақты үлесімізбен бірге қалап, еліміздің гүлденуіне ат салысайық, Жас түлек!

Анас Бақдәулет Мұхитдинұлы – Серпін-2050 штабы аппараты басшысы-Бас сардар;

1997 ж., 26 қазанда ОҚО Мақтарал ауданы, Атамекен ауылында дүниеге келген. 2003-2014 жж. «Жібек жолы» жалпы орта мектебінде оқыған. 2015 ж. қыркүйегінде Серпін штабы құрылғаннан бастап жұмыс жасап келеді;

2016 ж. – Шымкент қаласында өткен Республикалық пікір-талас турнирінің қатысушысы;

2016 ж. қыркүйегінен бастап «Серпін – 2050» штабы маңындағы студенттер аппаратының төрағасы болып сайланды, Бас сардар;

2016 ж., сәуір айы – Өскемен қалалық дебат турнирінің «Үздік спикер» номинациясына иегер;

2016 ж., қазан айы – Көкшетау облысы, Шортанды қаласындағы «Burabai-Diskovery» көшбасшылар лагерінде өткен «Жастар арасындағы көшбасшылық тиімді коммуникативтік қарым-қатынастары» тақырыбындағы бас сардарлар үшін ұйымдастырылған тренинг-семинарларының, «Жастар ортасында кәсіпкерлікті және жаңа жобаларды дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған семинар қатысушысы;

2016 ж. қараша айы – Өскемен қаласында өткен Қазақстан –ұлы дала елі» атты қалалаық пікір-сайыс турнирінің 3-ші орын иегері.

Байланыс телефоны: р.т. 8 (7232) 541-433; моб. 8705 980 41 70
E-mail: anas_bakdaulet@mail.ru
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 Гв.дивизия көшесі 34, №1 оқу ғимараты 133-дәрісхана.

× You found a Typo