Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы

«Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жанынан құрылған шығармашыл жастар ұйымы.Ұйым өз жұмысын 2018 жылдың 5 қарашасы күнінен бастады. Алғашқы ұйым жетекшісі -  Басбақбаев Қайыржан Серікұлы.

«Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымының

ЕРЕЖЕЛЕРІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы Өскемен қаласының С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың белсенді студенттерінің қоғамдық бірлестігі болып табылады.
2. «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы ережелер мен қолданылатын талаптарға сәйкес құрылып, әрекет етеді.
3. «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы өз қызметін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ аумағында жүзеге асырады.
4. Толық атауы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы.
5. «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы негізгі мәліметтер көрсетілген эмблемалар мен бланктері болады

«Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымының

МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

2.1.   «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымының құрылу мақсаты:
2.1.1 Қазіргі жастардың кітапқа, әдебиетке, шығармашлыққа қызығушылығын арттыру;
2.1.2 Жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, аға буын өкілі салған сара жолды насихаттау;
2.1.3 Студенттердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы болатындай ұйымдастыру;
2.1.4 Мәдени, сыпайы қарым-қатынасты негізге ала отырып ұтқыр сөйлеуді қалыптастыру; үлкенге құрметтілік, кішіге ізеттілік сынды қаситеттерді тұлғааралық қарым-қатынаста көрсетіп, тәрбиеге де ден қою;
2.1.5 Мәдени салада ашықтықты, еркіндікті қалыптастыру мақсатында өз ойын еркін жеткізу сонымен қатар сөздік қорын байыту ;
2.1.6 Еліміздің жалпы гуманитарлық бағыттағы мүмкіндігін дамыту, студенттерді шығармашылыққа баулу;
2.1.7 Рухани - адамгершілік қасиеті қалыптасқан, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлғаны тәрбиелеу;
2.1.8  Студенттерді өлең шығаруға, ақын жандылыққа, проза жазуға, көркем шығармаған айналысуға  бейімдеу;

2.2 Айқындалған мақсаттарға жету үшін «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы келесідей қызметтер түрін жүзеге асырады.
2.2.1. «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымының мүшелері бірлікті ынтымақтастықты арттыру, тәжірибелерін жетілдіру және осы орайда кітапханаларда кездесулер, шығармашылық кештер, кітапқа талдаулар жүргізу, кез келген тақырыпта өз ойын еркін жеткізу мақсатында семинар-тренинг, дөңгелек үстел сияқты пайдалы іс-шараларды жоғары деңгейде  ұйымдастыру және де қатысушылар қызығушылығын арттыру;
2.2.2 Қалалық, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі  шығармашылық конкурстарға қатысу, студенттер шығармашылығын жинақтап кітап шығару
2.2.3 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді рухани байыту, отанына, тіліне, діліне деген сүйіспеншілігін арттыру,.

3. «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымының

МІНДЕТТЕРІ

3.1 Өскемен қаласы Пушкин кітапханасымен байланыста болып тұру;
3.2 Кем дегенде айына 2 рет «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымының жиналысын өткізуге;
3.3 Студенттер шығармашылығын жинақтау, әр түрлі бағытта студенттер бейімі бойынша тапсырмалар беріп отырып жұмыс жасау ;
3.4 Нақты Ереже тармақтарының сақталуына;
3.5 Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылмауына;
3.6 Қызметте қолданылатын мүлік қауіпсіздігіне;
3.7 Ішкі еңбек тәртібін бұзбауына;
3.8 Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген шектеуде, осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына.

«Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымына

МҮШЕ БОЛУ

4.1 «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымына С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың барлық ынта білдірген студенттері мүше бола алады.

«Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымына

МҮШЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1.1 Өз ойын еркін, ашық ортаға айтуға және де өткізілетін шараларға қатысуға;
5.1.2  Ұйымның  қызметінде туындаған кез келген сұрақтарын талқылауға және жұмысын жетілдіруге ұсыныс жасауға;
5.1.3 Ұйымның қызметі туралы қосымша ақпарат алуға;
5.1.4  Ұйымның моральді, материалды және әлеуметтік қолдауын қолдануға;
5.1.5 Құқықтар мен міндеттерге қатысты кез келген сұрақтарды талқылауға.

«Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйым мүшелігінің азаматтары міндетті:

5.2.1 Ұйымның ережесін сақтауға;
5.2.2 Өзінің сайланған органында белсенді қызмет етуге;
5.2.3 Ұйымның басқарушы органдарының шешімдерін орындауға;
5.2.4 Ұйымның басқарушы органдарымен өз қызметін келісуге;
5.2.5 Ұйымның  мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда көмек көрсету, беделін нығайтуға.

БАСҚА ҚҰРЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫС

«Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы барлық бірлестіктермен, басқада шығармашылық ұйымдармен, кітапханалармен  байланыс орнатады; жастар орталықтары және ЖОО-ның ұйымдарымен, аудандық және республикалық шығармашылық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізе алады.

Егерде сіз:

  • Алаулаған жастық шағыңызды қызықты өткізгіңіз келсе
  • Отанға, тілге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезіміңіз бар болса
  • Өз ойыңызды қазақ тілінде еркін  жеткізгіңіз келсе
  • Сөздік қорыңызды молайтқыңыз келсе
  • Өзіңізді рухани дамытқыңыз келсе
  • Жоғары жетістікке жеткіңіз келсе
  • Шешендік қабілетіңізді арттырғыңыз келсе бізге қосылыңыз.
× You found a Typo