Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шетелде білім алудың ережелерінің бағыттары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 19 қарашадағы
№ 613 бұйрығымен бекітілген

Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.12.30 № 549 бұйрығымен

  1. Жалпы ережелер
    1. Осы Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 41) тармағына сәйкес әзірленді және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу тәртібін айқындайды.
    2. Осы Қағиданың шарттары «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде конкурсқа қатысушы үміткерлерге таратылмайды.
    3. Осы Қағидаларда келесі түсініктер қолданылады:
      1. академиялық оралымдылық – оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру;
      2. білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
  2. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу тәртібі
    1. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберуді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары:
      1. халықаралық келісімдер (халықаралық бағдарламалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер, алмасу және стипендиялық бағдарламалар);
      2. Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдары арасындағы шарттар негізінде іске асырады.
    2. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін білім саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ білім беру ұйымдары үміткерлерді іріктейтін конкурстық комиссияларды құрады.
    3. Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері:
      1. шет тілін білу деңгейі;
      2. білім туралы құжаттың орташа балы;
      3. білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі.
      4. Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2015 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    4. Шетелге оқуға жіберу үшін білім саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
      1. шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);
      2. шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырған сауалнамасы;
      3. жеке куәліктің және/немесе ұлттық төлқұжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);
      4. білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);
      5. бар болған жағдайда шет тілін білетінін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK және т.б.);
      6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама);
      7. бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
      8. бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар;
      9. транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына магистратура немесе бакалавриат бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін).
        Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;
      10. таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
      11. бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).
    5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша шетелде оқу туралы толық ақпарат білім саласындағы уәкілетті органның және білім ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
    6. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
    7. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу үшін білім беру ұйымдары келесі құжаттарды қабылдайды:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру қағидасына (бұдан әрі – КТО қағидасы) сәйкес нысан бойынша білім алушының өтініші;
      2. ұсыным хаттар;
      3. дербес оқу жобасы;
      4. транскрипт көшірмесі (білім алушы үшін);
      5. медициналық анықтама;
      6. шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі;
      7. ЖОО-ның шетелге жіберу туралы бұйрығының көшірмесі;
      8. академиялық оралымдылық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жіберілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
      9. білім алушы, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім.
    8. Академиялық оралымдылық шеңберінде әр мамандық бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімімен шартқа қол қойылатын шетелдік жоғары оқу орындарының-серіктестердің тізімі білім беру ұйымдарымен анықталады.
    9. Іріктеуден өткен үміткерлермен КТО қағидасымен бекітілген нысан бойынша үшжақты келісім жасалады.
    10. Оқытушылар академиялық оралымдылық шеңберінде білім саласындағы ұсынылатын қызметтің сапасын көтеруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу үшін оқуға жіберіледі.
    11. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберілетін үміткерлердің тізімі білім беру саласындағы уәкілетті органның және білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында конкурстық комиссия отырысынан кейін екі күнтізбелік күн ішінде орналастырылады.
    12. Іріктеуден өткен және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберілетін үміткерлердің жеке ісі он жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасалған шетелдің дипломатиялық өкілдігіне және/немесе шетел мемлекетінің білім беру ұйымдарына жіберіледі.
    13. Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға конкурстан өткен үміткерлерді жіберу мерзімі оқыту елінде академиялық кезеңнің басталуына сәйкес әр жағдайда дербес анықталады.

«Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде, оның ішінде зерттеу үшін конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру» мемлекеттік қызмет стандарт: құжат сол бөлімінде қосу

× You found a Typo