Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шетелдік студенттер

Жалпы мәліметтер

Шетелдік студенттер

Оқу мақсатымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға келген шетелдік студенттер ретінде келесі шетел азаматтары танылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар.
  • Азаматтығы жоқ адамдар (Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар).
  • Іішкі істер органдары берген ықтиярхат алған шетел азаматтары.

МАҢЫЗДЫ! Шетелдіктер Қазақстан Республикасында кейбір заңдар мен халықаралық келісімшарттарды есептемегенде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары мен халықаралық келісімшарттармен белгіленген барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сонымен қоса, барлық міндеттерді орындауға тиіс («Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңы (22.07.2011ж., 3 бап, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
Қазақстан Республикасында шетелдіктер өкілетті және басқа да сайланатын мемлекеттік органдар мен қызметтерге сайлай және сайлана алмайды, сол сияқты республикалық референдумдарға қатыса алмайды («Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңы (22.07.2011ж., 3 бап, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

Білім алушының дәрежесін иеленген (студент / магистрант / стажер / докторант) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар оқу мен ғылымнан басқа кез келген қызмет түрімен айналыса алмайды. Шетелдік студенттерге университетте оқу барысында еңбек қызметімен айналысуға тыйым салынады.

× You found a Typo