Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Берел» баспасы

ШҚМУ «БЕРЕЛ» БАСПАСЫ

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық дивизия көшесі, 42
Тел.: 8 (7232) 54-04-80
E-mail: izdatelstvo@vkgu.kz

Директор – Ислямова Сараш Асқарқызы,
білімі – жоғары педагогикалық, жоғары категориялы редактор,

– ҚХР Үрімші қаласының Жоғарғы технологиялар орталығымен берілген сертификаты, 2006 ж.

– «Басқару психологиясpы және ұйымдастыру менеджменті» бағдарламасы бойынша Білім беру және ғылыми ақпараттар интернационалды орталығының сертификаты бар, Дюссельдорф қ., Германия, 2014 ж.

– «Білім беру мекемесіндегі басқарушыларға арналған басқару технологиясы» бағдарламасы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығының сертификаты, 2015 ж.;

ШҚМУ баспасы 1996 жылдың 19 сәуірінен (№ 2-хаттама) бастап Бұқаралық ақпарат баспасөз ісі Ұлттық агенттігі шешімінің негізінде қызмет атқарады.

ШҚМУ баспасы университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады және ШҚМУ Жарғысының барлық ережелеріне бағынады, сондай-ақ университет аясында тиісті құжаттармен бекітілген дара басшылық және бірдей бағыну қағидаларына сәйкес жұмыс істейді. Сонымен қатар баспа университеттің өндірістік құрылымы бола отырып, баспа-полиграфиялық қызмет көрсетуге тапсырыс берушілермен өзара әрекет жасау жөнінде өз бетімен шешім қабылдауға құқылы.

Баспа өз қызметінде Қазақстан Республикасының баспа мәселелері туралы заңдарды, баспа қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды, жоғарғы ұйымдардың нұсқаулық және директивті актілерін, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.

13.11.2013 ж. бастап ШҚМУ баспасына «Берел» аты берілді (26.11.2013 ж. №378-п бұйрық).

Баспа қызметінің негізгі мақсаттары:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген тематикалық басылым жоспарын уақытында орындау;
  • дайын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  • университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да полиграфиялық өнімдеріне деген мұқтаждығын толық қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыс көлемін орындау.

Мақсаттарға жету үшін баспаға келесі міндеттер қойылады:

  • Университеттің және оның құрылымдық бөлімдеріне қажетті оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да өнімдерді басып шығару;
  • баспаны заманауи компьютерлік және полиграфиялық техникамен, бағдарламалармен және полиграфиялық технологиялармен жабдықтау;
  • материалды-техникалық базаны дамыту, технологиялық тәсілдерді дайындап жасау, баспа өнімін қазіргі заманға сай безендіре алатын, оның тауарлық түрін және жоғары мазмұндық деңгейін қамтамасыз ететін кадрлық әлеуетті қалыптастыру;
  • кадрлық құрамның жүйелі түрде біліктілігін арттыру, қызметкерлердің өзара ауыстырмалылығына қол жеткізу және өндірісті ұйымдастырудың тиімдірек әдістерін енгізу;
  • жалпы университеттік мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында университеттің құрылымдық бөлімдерімен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қарым-қатынастар орнату;
  • университеттің оқу үрдісін және әкімшілік-шаруашылық қызметін қажетті басылымдық сапалы өнім мөлшерімен қамтамасыз ету;
  • халықаралық дәрежедегі жоғары оқу орны деңгейіне сай келетін университеттің имиджін құру және қолдау;
  • университеттің оқу, әдістемелік, ғылыми еңбектерін редакциялық өңдеу және полиграфиялық жоғары деңгейде орындау;
  • баспа жұмысын баспа қызметіндегі және полиграфиялық өндірістегі өндірістік үрдіске белгіленген нормативтерге сәйкес жоспарлау және ұйымдастыру;
  • дайын өнімнің қажетті сапасын, тапсырыстардың баспа-полиграфиялық жұмыстарға арналған нормативтермен белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету.

«Берел» баспасының орындайтын жұмыстарының тізімі:

  1. Компьютерде мәтін теру.
  2. Мәтіндерді принтерден шығару.
  3. Толық түрлі-түсті суреттерді принтерден шығару.
  4. Мәтіндерді редакциялау: мақалалар, диссертациялар, монографиялар, дипломдар, авторефераттар және т.б.
  5. Дәптерлерді, блокноттарды тігу.
  6. Термотүптеу: журналдар, кітаптар, дипломдық жұмыстар.
  7. Пружиналық түптеу.
  8. Пластикалық түптеу.
  9. Кез келген форматтарда және дизайнда бланкілікөнімдер.
  10. Түрлі-түсті және түрлі-түсті емес визит карточкаларын дайындау.
  11. Түрлі-түсті құттықтаулар мен ашық хаттар дайындау.
  12. Ламинаттау, фольгалау.
  13. Дизайнерлік жұмыстар.
  14. Көшірме жасау.
  15. Оқу құралдары, монографияларды басып шығару.
  16. «Шығыстың аймақтық хабаршысы» журналын басып шығару.
  17. «Үлкен Алтай әлемі» Халықаралық ғылыми журналын шығару.
  18. Жарнамалық өнімдер жасау.

Баспа құрылымы:

  1. Ислямова Сараш Аскаровна, директор
  2. Бейсенбаева Жанар Рахимовна, Маман
  3. Вдовенко Ольга Николаевна, Маман
  4. Верченков Олег Вячеславович, Маман
  5. Петров Павел Владимирович, Маман в/к
  6. Рыспаева Аяужан Чотановна, Маман 1/к
  7. Сугак Светлана Александровна, Маман 1/к
  8. Токанова Сая Оразбекқызы, Маман
× You found a Typo