ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «ШҚМУ ЕРІКТІЛЕРІМЕН БІРГЕ» ЖАСТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ
«ШҚМУ еріктілерімен бірге»
Жоба жетекшісі Аманжолова Н.А.
Қазақстан бүгінгі күні қайырымдылық көмек алушының мүддесіне ақысыз өз еріктерімен қызмет көрсету нысанында қол ұшын беруге даяр жастарға мұқтаж. Еріктілер жұмысы адамзаттың әлемге, еркіндікке, қауіпсіздікке, әділдікке және барлық адамдарға көмек көрсетуге деген мәртебелі қасиеттерін дамытады. Жаһандану және тұрақты өзгерістер дәуірінде әлем бір-бірімен өзара тәуелді, тығыз және шиеленісті болады.
1. Жобаның мақсаты:
Жобаның мақсаты – Студенттердің лидерлік қасиеттерін анықтау және дамыту; Жастар бойындағы мейірімділік, жанашырлық сезімдерін оятып, әлеуметтік дұрыс көзқарас қалыптастыру. Еріктілер қозғалысын 3 бағытта дамыту – ЕХРО – 2017 жобасына, Универсиадаға еріктілерді даярлау; көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету.
2. Жобаның міндеттері:
3. Жобаға қатысушылар. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері.
Жобаны іске асыру уақыты мен кезеңдері: 2014 қараша – 2016 желтоқсан.
Кезеңдері:
Іс-шара | Кезең |
---|---|
Жобаға қатысушыларды қабылдау | қараша – желтоқсан 2014 |
Жобаға қатысушыларды оқыту және диагностикалау | қаңтар – наурыз 2015 |
Жобаны іске асыру | сәуір 2015 – джелтоқсан 2016 |
«ШҚМУ еріктілерімен бірге» еріктілер қозғалысын жұмыстарын мониторингтан өткізу, құжаттамасын даярлау | қаңтар 2015 – желтоқсан 2016 |
Жобаның қорытындысы, бағалау | қараша – желтоқсан 2016 |
«ШҚМУ еріктілерімен бірге» еріктілер штабы туралы және презентация