Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Спортклуб туралы ақпарат

СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ СПОРТКЛУБЫ

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 7 (№ 2 корпусы), 13 кабинет
Телефон: 8 (7232) 75-27-97
E-mail: Kaf_TMFKS@vkgu.kz

Спорт клубының төрағасы – Асылбеков Бек Асылбекович - дене мәдениеті және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

С.Аманжолов атыңдағы ШҚМУ құрамына спортклуб кіреді, студенттердің денсаулығын нығайтатын жүйе, және студенттердін спорт-шеберлігін көтереді, ЖОО дене тәрбиесін және бұқаралық жұмысын кеңітеді.

Спортклубтың негізгі қалаушылары Өскемен қаласының педагогикалық институтының дене тәрбие кафедрасының оқытушылары Трунов А.Н., Васильченко В.В., Долгих А.А., Рескин Е.Е.

Көп жылдар бойы С.Аманжолов атыңдағы ШҚМУ-дың спортклубы жұмысын дене шынықтыру және спорт теориясымен әдістемесі кафедрасымен бірге атқарады.

Спорт клубтың негізгі жұмыстары:

  1. Дене шынықтыру және спорт қағидаларын оқу және еңбек ісіне енгізу, студенттердің демалу, ұстаздарға, университет ұжымына салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру;
  2. Дене шынықтыру және спорттың әртүрлі формаларын және түрлерін ұйымдастыру, әдістемелік жағдайларын жасауды, жоғарғы оқу орнында қалыптасқан жүйесі бойынша, мамандық дайындау ерекшеліктері бойынша және ұйымның қызығушылығына байланысты жұмыстарын жоспарлау;
  3. Спорттық секцияларда оқу-жаттығу жүйесін ұйымдастыру;
  4. Спорттық жарыстардың жылдық жоспарын жасап, сол бойынша оны өткізу, жарыс кезінде сақтандыру қауіпсіздіктерін қамтамасыз етеді;
  5. Студенттердің спорттағы жетістіктері мен олардың дәрежелерін тіркеп, жоғарғы оқу орнының құрама командаларын жасақтап, оларды жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.

Университет көп спорт түрлеріндегі жетістіктерімен мақтан ете алады, олар: хоккей, шаңғы спорты, биатлон, тау шаңғысы, акробатика, волейбол, баскетбол, гір спорты, армрестлинг, футбол және тағы басқа спорт түрлері.

ЖОО студент-спортсмендер мемлекеттің намысын халықаралық жарыстарда қорғады, олардың ішінде, Б. Александров, Н.Турукало, А.Духно, С.Рябиев, В.Козлов, А.Можанов, А.Трощинский, Д.Торлопов, Н.Гумерова, В.Лиличенко, Р.Сейлханов, С.Шишкина, О.Яцкая, тағыда басқа бар.

1991 - 92 жж. Шаңғы спорттан университет командасы кенес одағының универсиадасын ұтып алған. 1995 ж. хоккейден ҚР құрама командасының мүшесіне ШҚМУ студенттері кіріп Испанияда өткен халықаралық универсиадада алтын медальді жеңіп алған. 1996 ж. хоккей командасы Азия ойындарында жеңімпаз аталды.

Ақырғы он жыл бойы университет халықаралық республикалық жарыстарда чемпиондармен жүлдегерлерді тәрбиеледі: шаңғы спортынан - А.Полторанин, А.Черепанов, С.Исаченко, Р.Рагозин, А.Стоян, биатлоннан – А.Трифонов, С.Наумик, Я.Савицкий, О.Дудченко, И.Мажевитина, В.Афанасьева, хоккейден – С.Кудрявцев, С.Александров, В.Севидов, А.Шестаков, фристайлдан – Ю.Радионова, Д.Бармашов, дзю-додан – Т.Амренов, М.Мазибаев, армрестлингтен – Б.Абуюров, О.Шлижевская, семсерлесуден – С.Ходос, байдаркадан– Д.Торлопов, Д.Кальтенбергер, гандболдан – П.Михайлова, гір спортынан – Е.Сакабанов.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ЖОО ҚР қысқы универсиадасының 4 дүркін чемпионы болды (2006ж., 2008ж., 2010ж., 2012ж.)

ҚР Жоғарғы оқу орындарының жазғы универсиадасында ШҚМУ-дың құрама командасы жоғарғы жетістіктерге жетті.

V-ші жазғы универсиада (2009 ж.) нәтижесі бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 3-ші орынға ие болды. 2011 ж. VI-шы жазғы универсиадасында ерлер командасы мини футболдан чемпион атанды. VIII- ші жазғы Универсиадасында 2015 ж. ШҚМУ-дың студенттері волейболдан ерлер командасы арасында қола медальға ие болды.

Бүгінгі таңда 10 спорт түрінен секциялар ашылып, студенттер үшін жұмыс істеп жатыр. Университетте қалыпты түрде 12 спорт түрінен спортакиада өтіп тұрады.

Оқытушылар мен жұмысшылардың арасында волейболдан, шаңғыдан, шахматтан, жүзуден және тағы басқа спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ- да волейболдан, баскетболдан және мылтық атудан қалалық және облыстық жарыстар өткізіліп тұрады.

Спорт клубының қызметкерлерінің тізімі

А.Ж.Т. Лауазымы
Ғылыми дәрежесі, атағы
Спорттағы жетістіктері
Асылбеков Бек Асылбекович Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ спортклубының төрағасы , ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы Волейболдан ҚР жоғары дәрежелі ұлттық судьясы
Кривко О.А. ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Волейболдан ҚР жоғары дәрежелі ұлттық судьясы
Серебряников А.В. ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы, психология, педагогика және мәдениет факультетіне спорт және бұқаралық жұмысына жауапты Фехтованиядан СССР спорт шебері
Абдыгалиев А.Б. ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы, тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетіне спорт және бұқаралық жұмысына жауапты
  • Гир спортынан ҚР спорт шебері
  • ҚР жоғары дәрежелі ұлттық судьясы
  • Гир спортынан жоғарғы дәрежелі жаттықтырушы
Ангишпаев Ж.К. ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы, экономика және құқық факультетіне спорт және бұқаралық жұмысына жауапты  
Шкуркин Н.В. ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдары және технология факультетіне спорт және бұқаралық жұмысына жауапты UEFA футболдан «В» дәрежесі бойынша жаттықтырушы
Кожуховский А.В. ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы Ушудан ұлттық дәрежелі судьясы
Кругликов А.Н. ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы
  • Жеңіл атлетикадан СССР спорт шебері
  • ҚР жазғы президенттік көп сатылы спортының спорт шебері
  • Жеңіл атлетикадан ҚР жоғары дәрежелі ұлттық судьясы
  • Жеңіл атлетикадан жоғары дәрежелі жаттықтырушы
Сафонова А.И. ДМжСТмӘ кафедрасының аға оқытушысы
  • Ұлттық дәрежелі судья
  • Жүзуден жоғары дәрежелі жаттықтырушы
Яковлев И.В. ДМжСТмӘ кафедрасының оқытушысы
  • Спорттық акробатикадан ҚР спорт шебері
  • Халықаралық дәрежедегі судья,
  • Акробатикадан жоғары дәрежелі жаттықтырушы
× You found a Typo