Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер кәсіподағы

СТУДЕНТТІК КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ

Мекен-жайы: Өскемен қ., 30-шы Гвардеялық дивизии, 34 (ғимарат № 1), каб. 400
Тел.: 8 (708) 291 05 85
E-mail: K.Zheksenbaev@mail.ru

Төраға – Жексембаев Қайнар Ерланұлы

Студенттік кәсіподақ ұйымының мақсаты – студенттердің қызығушылығын қолдап, білім алу құқығын қорғап және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде көмек қолын созу.

Студенттік кәсіподақ ұйымының міндеттері:

  • Мемлекеттік оқу орындарымен, оқытушылармен және олардың бірлестіктерімен өзара қарым-қатынасында, кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін сот, басқа да органдарда қорғауға және тегін құқықтық көмек көрсету.
  • Өз кәсіподақ мүшелерінің жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысу.
  • Университеттің студент жастарының құқыққа қайшы әрекеттерінің алдын алу.
  • Өз кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік және экономикалық қорғау бойынша жоспарлар мен бағдармалар дайындауға қатысу.
  • Заңды белгіленген тәртіппен өз мүшелеріне қатысты студенттік, тұрмыстық, білім алу, еңбек қорғау және кәсіподақтар туралы заңдылықтарын бұзылмауын бақылауға және жіберілген кемшіліктерді жоюды талап ету.
  • Кәсіподақ мүшелері мен жасөспірімдерді сауықтандыру, туризм, демалысты ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу.
  • Өзінің және өзге жақтан тартылған қаражаттар есебінен, кәсіподақ мүшелері үшін әлеуметтік-экономикалық бағыттағы қорлар ұйымдастыру.
  • Жастардың мәдени бос уақытын өткізу.
  • Кәсіподақ мүшелеріне, студенттік жанұяларға, жанұя жағдайы нашар студенттерге және жетім студенттерге материалдық көмек көрсету.
  • Кәсіподақ Жарғысында белгіленген, басқа қызмет түрлерін жүзеге асыру

Студенттік кәсіподақ ұйымы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Идеологиялық бағыт (студенттерге әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау, олардың рухани-мәдени дамуына, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, білім алып, салауатты өмір сүруіне қолдау көрсету )

2014 жылдың 12 желтоқсанында Семей қаласында «НҰРЛЫ ЖОЛ-БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ» Облыстық жастар форумы өтті. Іс-шараның мақсаты: «Нұрлы жол - путь в будущее» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауын насихаттау және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында жастарды біріктіру, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу. Бұл іс-шараға облыстың жоғарғы оқу орындарының және кәсіби колледждерінің студенттері қатысып, әлеуметтік-ғылыми жобалар байқауы өтті. Форумға С.Аманжолов ат. ШҚМУ-ң Студенттік кәсіподақ ұйымының қолдауымен 2-і студенттік ғылыми жоба сарапқа салынды. «Тарих, халықаралық қатынастар және құқық» факультетінің 4-курс студенті Шәріпханов Тоқтар «Үздік жарқын жоба» номинациясын жеңіп алып, облыс әкімі Д.Ахметовтың марапатына ие болды.

  • Әлеуметтік бағыт (мұқтаж студенттерге материалдық көмек көрсетуді ұйымдастыру, университеттің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан және оқуда озат болған студентерді марапаттау).

2014-2015 оқу жылы барысында материалдық көмек 80 студентке көрсетіліп, 50 студент ақшалай марапаттауға ие болды. Жазғы демалыс уақытында Студенттік кәсіподақ ұйымының белсенді студенттеріне (4 студентке) және мүгедек ( 6 студентке) ШҚО Зырян ауданының «Прибой» шипажайына тегін жолдама берілді. Шығыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің көмегімен «Арайлы Астана» акциясы бойынша азқамтылған отбасынан шыққан 4 студент Елордамызды көріп қайтты. Балалар үйінің түлектері 4 студентке және ҚХР мен Моңғолиядан келген отандас ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5 студентке тұрғын үйге кезекке тұруға көмек жасалды. Қамқоршысынан айырылған 15 студентке жәрдемақы алуға құқықтық кеңестер көрсетілді. Жыл сайын студенттік кәсіподақ ұйымы отбасылы студенттердің балаларына сыйлықтар береді.

Студенттік кәсіподақ ұйымының жетістіктері

Қазақстан кәсіподақтары күнімен Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызыметкерлерінің төрайымы Касенова Назгүл Базарбайқызы кәсіподақ белсенділерін құттықтай отырып, мадақтау қағаздарымен мараптады. Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызыметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасымен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң Студенттік кәсіподағының төрайымы Калимолдина Жаннета Амангелдиновна марапатталды.

× You found a Typo