Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

СжМҒЗЖ негізгі жетістіктері

СжМҒЗЖ негізгі жетістіктері

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру Университет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы оқу-тәрбие үрдісімен байланысты болып, жоғары білікті мамандарды дайындау сапасын жоғарлатуға, ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерімен таныстыруға, студенттерді ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік мәселелерді шешуге тартуға, сондай-ақ өзіндік шығармашылық қызметін дамутыға бағытталған.

Жыл сайын университет студенттері жоғары ғылыми-зерттеу және шығармашылық белсенділіктерін көрсетіп, әртүрлі деңгейлердегі конкурстар, олимпиадалар және конференциялар женімпаздары болып атанады:

  • «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3-курс студенті Рашид Н. «Университет Нархоз» АҚ өткізген «ЭКСПО-2017 инновациялық идеялар мен жобалар» атты халықаралық онлайн олимпиадаға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • «Химия» мамандығының студенттері Кабиева А., Қадырова А., Сағдоллина Н. Республикалық пәндік олимпиадада 3-орын алды (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.);
  • «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттері Сейітжан Д., Ибаділдаева М., Панзабек Ш. ІХ Республикалық пәндік олимпиадада жақсы нәтиже көрсетіп, Азимханов А. 3-орынға ие болады (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет, Шымкент қ.);
  • «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының студенттері Әділбекова Қ., Кабидолданова Е., Алдаберген Қ. ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3-орын алды (Алматы қ.);
  • «Тарих» мамандығының студенттері Ынтымақ Т., Бабиров Р., Ерболатов С., Нұрғожа Қ., Алекенова К. Археология және этнология бойынша халықаралық пәндік студенттік олимпиадада 5-орын алды (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.);
  • «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенті Молдубаева Д. Кәріс тілі бойынша VII Орта Азилық олимпиадада жүлделі орын алды;
  • «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері Әбу Ж., Жүнісбек А., Емберген Ф. және Саяханова Ә. VІІІ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 2-орын алды (Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды қ.);
  • «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2-курс студенті Ибрагимова И. студенттер арасындағы қазақ тілі бойынша қалалық олимпиадада 2-орын алды (Өскемен қ.).

Университеттің келесі студенттері ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталды:

  • 3-курс студенті Толымханова Г. жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсында 2-орын алып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Картаева А.М.;
  • «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3-курс студенті Рашид Н. жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысуы үшін ҚР БҒМ ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

2017 ж. 21-25 қазанда «Құқықтану» мамандығының 4-курс студенттері Салимова А., Миронова Ю., Кусаинова А.К., Дремлюх А.В., Галиева Б.Т., Воронко Е.А., Мухтарова Н., Кусаинова А. Новосибирск мемлекеттік техникалық университет ұйымдастырған «Тұлға, қоғам және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» атты конференция жинағында өз жұмыстарын жариялады.

2017 ж. қазан-желтоқсан аралығында «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған NURINTECH инновациялық жобалар бойынша Республикалық Жас конкурсының мақсаты жас өнертапқыштарға болашағы зор жобаларды іске асыру бойынша қолдау көрсету болды. ШҚМУ келесі жобалар ұсынылды:

  1. «Құрт сататын сауда автоматын жасау» – Әліхан П., Дүйсенбек Ү., Сайлаубекқызы Г., «Физика» мамандығының 3-курс студенттері;
  2. «Кесетін инструменттерді беріктендірудің ресурс үнемдеу технологиясы» – Рахадилов Б.К., ҰҚ ҰҒЗ меңгерушісі («Үздік жас ғалым» номинациясында 3-орын);
  3. «Ультраұсақ титан бетінде биоактивті жабындыларды плазмалық-электролиттік оксидтеу әдісімен алу» – Буйткенов Д.Б., ҰҚ ҰҒЗ инженері («Жастар инновациялық жобасы» номинациясында 1-орын);
  4. «Желді сығып энергия алудың инновациялық жүйесі» – Досмұрат Н., «Физика» мамандығының магистранты;
  5. «Құрылыс материалдарын жергілікті шикізаттан және өндіріс қалдықтарынан әзірлеу» –Жанимхан П., «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мвмвндығының 4-курс студенті.

2017 жылдың 15 қарашасында Қазақстан тарихы кафедрасының магистранттары және студенттері Самратова Д., Искандарова М., Жакбеков Б., Жумекенева Р. және т.б. Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы қ.) өткізген «Гуманитарлық ғылымдар және қазіргі заман» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.

2017 жылдың 28 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Тұнғыш Президенті күніне орай «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық студенттік форум өтті. Студенттік поэтикалық азаматтық-патриоттық шығармашылық конкурсына ШҚМУ студенттері де қатысты. Олар іріктеу турынан өтіп, 29 қараша күні Алматы қаласында өткен GALA-форумға қатысты. Қатысқан студенттер: Алтаева А., Кысатай А. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 4 курс), Алтынбек Ж. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1 курс), Жеңіс О. («Журналистика», 2 курс).

2017 жылдың 10 қарашасында «Журналистика» мамандығы студенттері арасында үздік эссеге конкурс өткізілді. Конкурс тақырыбы «Жаһандық бастамалардағы Қазақстанның ролі». Үздік жұмыстар жарияланды. Конкурс нәтижесінде келесі студенттер жүлделі орындар алып, ҚР Білім және ғылым министірінің дипломымен марапатталуына ұсынылды:

  • І орын – Жеңісұлы О., «Дидар» Шығыс Қазақстандық облыстық газетасы;
  • ІІ орын – Мишелев А., «Имидж ВКГУ» газетасы;
  • ІІІ орын – Бақытжанқызы А., «Алдаспан» Шығыс Қазақстандық облыстық газетасы.

2017-2018 оқу жылында Сәрсен Аманжолов стипендиясына конкурс өткізілді. Стипендияны «Ядролық физика» мамандығының 2-курс студентіне Герт С. және «Дефектология» мамандығының 4-курс студентіне Елубай А.Е. иеленді.

2017 жылдың 8-11 желтоқсанында жыл сайын өтетін «Жас талап-2017» атты жобалар конкурсы өткізілді. Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті:

  • «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба»:
    • І орын – Әбу Ж., «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенті, және Жүнісбек А., «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенті. Жоба тақырыбы: «Бастауыш мектеп – білім беру мазмұнын жаңғырту мәнмәтінде». Ғылыми жетекші: Макшиева Г.К.;
    • ІІ орын – Ахмадиева А., «Дефектология» мамандығының 2-курс магистранты, Қайдарова М. және Жұртпаева А., «Информатика» мамандығының 2-курс магистранты. Ғылыми жетекшілері: Жантасова Ж.З., т.ғ.к., Тлебалдинова А.С., PhD, Стельмах С.А., п.ғ.к.;
      Серикова Н., «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті . Ғылыми жетекші: Алимхан А.Ә., ф.ғ.к.;
    • ІІІ орын – Сүтбаева А., «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4-курс студенті. Ғылыми жетекші: Капышева Г.К., ф.ғ.к.;
      Мустафин М., «Психология» мамандығының 1-курс магистранты. Ғылыми жетекші: Барабанова Е.И., п.ғ.к.;
      Толымханова Г., «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті.
  • «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба».
    • І орын – Казначеева А., «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 1-курс магистранты, Шелепова С., «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 3-курс студенті, Тружников В., «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 3-курс студенті. Ғылыми жетекші: ф.-м.ғ.д., профессор Квеглис Л.И.;
    • ІІ орын – Буйткенов Д., Ұжымдық қолданыстағы Ұлттық ғылыми зертхана инженері. Ғылыми жетекші: ф.-м.ғ.к. Ерболатұлы Д. Рахимбек М., Қайкенова Т., «Информатика» мамандығының 1-курс студенттері. Ғылыми жетекші: Тукушова А.Е.;
    • ІІІ орын – Әбітай А., Аққазин А., «Ақпараттық технологиялар» мамандығының 3-курс студенттері. Ғылыми жетекші: Карменова М.А.;
      Курманьязова А., Баймагамбетова А., «Қайта өндеу өндірістер технологиясы» мамандығының 3-курс студенттері. Ғылыми жетекші: Ержанова Т.Е.;
      Қуандық Е., «Информатика» мамандығының 3-курс магистранты. Ғылыми жетекші: PhD Тлебалдинова А.С.

2018 жылдың 9-11 ақпанында «Startup Bolashak» атты стартап-жобалар конкурсының «Менің Арманым» атты 3-маусымы өткізілді. Жалпы 117 жоба қатысты. Ширекфиналға 12 жоба өтті, соның ішінде 12 – ШҚМУ-дан.

2018 жылдың сәуірінде Ғылым және шығармашылық аптасы өткізілді. 2018 жылдың 26 сәуірінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен жас ғалымдарының инновациялық зерттеулеріне арналған жыл сайын өткізілетін «Ғылым граниті» конкурсы өткізілді. Конкурс бағыттары бойынша жүлделі орындар келесідей:

«Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар салаындағы үздік жоба» номинациясында:

  • І орын – Дәнияр Ж.Қ., «Дефектология» мамандығының 4-курс студенті, ғылыми жетекші – Байчинов Р.Т.;
  • ІІ орын – Абдуллина К.Б., «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4-курс студенті, ғылыми жетекші – ф.ғ.к., профессор Капышева Г.К.

«Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба» номинациясында:

  • І орын – Бақыт Ж.Б., «Кәсіби оқыту» мамандығының 3-курс студенті, ғылыми жетекші – Нуризинова М.М., Досмұрат Н.;
  • ІІ орын – Екимова Т.С., «Биология» мамандығының 4-курс студенті, ғылыми жетекші – а.-ш.ғ.к. Кузьмина Г.Н.;
  • ІІІ орын – Калимолдин Е.Е., «Ядролық физика» мамандығының 5-курс студенті, ғылыми жетекші – ф.-м.ғ.д., профессор Квеглис Л.И.;
    Турысбекова Л.А., «Қайта өндеу өндірістер технологиясы» мамандығының 2-курс студенті, ғылыми жетекші – Оспанова Ж.А.;
    Морозова Т.С., «Информатика» мамандығының 4-курс студенті, ғылыми жетекші – т.ғ.к. Сыздыкпаева А.Р.

Осыған қоса, Ғылым мен шығармашылық аптасы қарсанында 2018 жылдың 5 сәуірінде «Үздік студенттік ғылым үйірім» және «СҒЗЖ ұйымдастыру бойынша үздік факультет» атты конкурстар өткізілді.

Конкурстар нәтижелері:

  1. «СҒЗЖ ұйымдастыру бойынша үздік факультет»: Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті (факультеті деканы – Ерболатұлы Д.)
  2. «Үздік студенттік ғылым үйірім»: «Еуразиялық интеграция жағдайындағы экономика және басқарудың өзекті мәселелері» СҒҮ (жетекшісі - Жакибаева Л.Б.)

Кесте – Коференциялар мен олимпиадалардан жүлделі орындар алған студенттер саны

Факультет2016 ж.2017 ж.
1Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті4540
2Психология, педагогика және мәдениет факультеті1214
3Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті1227
4Экономика және құқық факультеті2122
Жалпы университет бойынша90103

Кесте - Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының даму динамикасы

Көрсеткішжыл
201520162017
Жарияланған жұмыстар450573496
Енгізуге ұсынылған278141238
Студенттердің шаруашылық келісім шарттық және мемлекеттік бюджеттік зерттеулерге қатысуы26634
Ғылыми үйірмелерге қатысу27/37627/47726/537
Магистратураға түскендер102138221
СҒЗЖ республикалық конкурсы405122
Олимпиадаларға қатысу20313254
Университет ішілік, аймақтық конференциялардағы баяндамалар254232268
Республикалық конференциялардағы баяндамалар76386231
Халықаралық конференциялардағы баяндамалар147232135
× You found a Typo