С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИАЛИЗАЦИЯЛАУ КЕҢСЕСІ
Мекен-жайы: Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 55, ШҚМУ әкімшілік ғимараты, 403 каб.
Телефон/факс, e-mail, URL:
+7 (7232) 24 14 01
+7-777-6212176
+7-775-8030308
dshudi_kd@mail.ru
www.vkgu.kz
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-те «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мен өткізілген, ҒЗИ мен университеттердің базасында коммерциализация кеңселерін құру және дамыту конкурсының қорытындысы бойынша 2011 жылдың 8 шілдесінде Технологияларды коммерциализациялау кеңсесі (ТКК) ашылды.
ТКК-нің қызметініңнегізгі мақсаты – университеттің ғалымдарының ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерциализациялау.
ТКК-нің негізгі мақсаттары және атқаратын қызметтері:
ТКК жұмысының нәтижелері
Университеттiң келешекті – әлеуетті технологияларды анықтау жөнiндегісоңғы 10 жылдағы ғылыми-техникалық қызметiнiң нәтижелерiн түгендеу өткiзiлді.
Іздестіру нәтижесінде университете түстi металлургия, экология, биотехнология, машина жасау, жаңартылатын энергетика және тағы басқа салалары бойынша ғылыми жобалардың қоры қалыптасқаны анықталды.
Ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды гранттық қаржыландыру байқауына катысу үшiн ҚР ҒБМ Ғылыми комитетіне жолданған ғылыми жобаларды талдау жұмысы өткiзiлді.
Университеттiң қызметкерлерi энергетика, шикiзатты және өнiмді терең өңдеу, өмiр туралы ғылым және елдiң зияткерлiк әлеуеті бағыттарында 15 ғылыми жоба әзірлеуде.
«ТДҰА» АҚ жәрдемдесуімен ТКК қызметкері университетте «INNO AG» (Германия) халықаралық сарапшыларының қатысуымен зияткерлiк меншiктi коммерциализациялау және қорғау жөнінде оқу семинарын өткізді.
ТКК қызметкері, ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері «ТДҰА» АҚ және басқа мекемелері мен ұйымдастырылған әр түрлi шараларға белсендi қатысты.
Технологияларды коммерциализациялау саласындағы форумдарға, іс – шараларға, т. б. катысу
№ | «ТДҰА» АҚ ұйымдастырғаніс-шаралар | Басқа мекемелер ұйымдастырған іс-шаралар |
---|---|---|
1 | «Алтай» технопаркі базасында технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасына қатысу бойынша мәжiлiс- семинары | Жұмыс тобының кезектi отырысы (ШҚО инновациялар және жаңа технологиялар бойынша кеңесі) |
2 | Инновациялық бизнес-жоспарлар Республикалық байқауын түсіндіру сұрағы бойынша дөңгелек үстел | Инновациялық өнiмдерінің көрмесі («Инновациялық форсаж» реалити-шоу шеңберiнде ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы) |
3 | «Технологияларды коммерциализациялау реакторы» технологиялық делдалдық шара (Алматы қаласы ) | «Бизнес кеңесшi» жобасы («Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) |
4 | Технологияларды коммерциализациялауға арналған оқу семинары ("INNO AG" компаниясы (Германия) | «Инновациялық технология – аймақтың агроөнеркәсiптiк кешенiн сапалы дамытудың басты бағыты» мәжiлiс-семинары (ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы) |
5 | Инновациялық гранттарды беруге өтiнiмдердi дайындау бойынша семинар: шығындардың негізделуін тексеру | Шығыс Қазақстан өңірлік «Алтай» технопаркі базасында өткен инновациялық өнеркәсіптердің көрмесі (ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы) |
6 | «Технологияларды коммерциализациялау реакторы» технологиялық делдалдық шара» (Орал қаласы) | Инновациялық өнеркәсіптердің көрмесі (ШҚО инновациялар және жаңа технологиялар бойынша кеңес) |
7 | Жастардың ғылыми конвентi: «Ғылымның дамуы: елдiң зияткерлiк әлеуеті»(«Нұр - Отан» халық-демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан филиалы) |
Университеттiң патент портфелi талданды. ЖОО-ның патенттік қоры құрылды. Университеттiң зияткерлiк әлеуетін дамыту және сақтау үшiн және зияткерлiк меншiктiң нысандарын коммерциялық iске асырудан қосымша бюджеттен тыс қаражатты тарту үшін барлығы 6 патент жүргiзілетіні жеткiлiксiз болып табылады.
№ | Патенттің атауы | Әзірлеменің атауы | Әрекет ету мерзімі |
---|---|---|---|
1. | Инновациялық патент №008769 | Үздіксіз ауыспалы беріліс қатынасы бар энергия беру құрылғысы | 20.04.2011 ж. (қолдау көрсетіледі) |
2. | Пайдалы модельге патент №762 | Қаттыденелердің аз деформациясы кезіндегі Юнг модулін анықтау құрылғысы | 18.11.2011 ж. (қолдау көрсетіледі) |
3. | Пайдалы модельге патент №25811 | Конвейерлік таспаны тазартуға арналған құрылғы | 01.12.2011 ж. (қолдау көрсетіледі) |
4. | Инновациялық патент № 26059 | Құбыр бүгу | 30.11.2011 ж. (қолдау көрсетіледі) |
5. | Пайдалы модельге патент №804 | Сейсмограф | 27.03.2012 ж. (қолдау көрсетіледі) |
6. | Өнертабысқа инновациялық патент № 26395 | Кеуекті титанды магний –термиялық алу реторта-реакторынан магний хлоридының тұзын сарқып құйып алуға арналған құрылғы | 26.07.2012 ж. (қолдау көрсетіледі) |
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ жобалау комитетіне ұсыну үшiн ТКК қызметкері жоба жетекшiлерiмен бiрге университеттiң инновациялық жобалары бойынша өтінімдік нысандарды ресiмдеп, сараптамаға жiберді. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «Коммерциялизациялау жобаларын iрiктеу және сараптама жасау ережелері» бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 5 инновациялық жобасын таңдады.
ТКК маркетингтік компаниясын жүзеге асыру үшiн С.Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтында ақпараттық бөлiм құрылды. Осы бөлімшеде әр тоқсан сайын өткізілген іс-шаралар, Қазақстандағы және әлемдегі технологиялық сұраныс туралы, коммерциализациялау туралы хабарламалар, мақалалар жарияланады.