Тіркеу
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқу мақсатымен келген барлық шетелдік азаматтар 5 күнін ішінде көші-қон полиция бөлімінде (КПБ) тіркелуге міндетті!
Уақытша тіркелген жағдайда құжаттарды, сондай-ақ кіру және шығу визаларын рәсімдеу үшін Сіздің халықаралық ынтымақтастық бөліміне келуініз керек.
1-ші қалалық аурухана емханасының мекен-жайы: Абай көшесі, 18, Өскемен қ., Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан
Телефон: +7 (7232) 34-29-34, 34-31-09, 75-26-00.
ҚР-на келген күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ШҚМУ халықаралық ынтымақтастық бөліміне келуге және төлқұжат, шекаралық бақылау ұйымының ҚР-на кіру туралы белгісі қойылған көші-қон картасын көрсетуге міндетті.
КҚПБ тіркелу үшін келесі құжаттар қажет:
Жазғы демалыстан келген шетел білім алушысы 3 күн ішінде Өскемен қ. №1 қалалық емханасында міндетті медициналық тексерістен өтіп, ХЫБ инспекторына флюрографияны және ЖИТС- Орталықтан алынған анықтама қағазын өткізуі тиіс. Бұл аңықтамаларсыз КПБ шетел студентті тіркемейді.
Егер шетелдік студент оқу жылы барысында ҚР территорясынан шығып, қайта кірсе, бір тәулік ішінде ол көші-қон полициясында қайта тіркеуден өтуі тиіс, бұл үшін ХЫБ-не төлқұжат әкелуі тиіс.
Ықтиярхат алған шетел азаматтары тіркелу үшін ХЫБ инспекторына келуі тиіс. Өзіңізбен бірге куәліктің 2 көшірмесі; төлқұжаттың 2 көшірмесі; тұрақты тұратын орны бойынша азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі; 3*4өлшеміндегі 2 фотосурет алып келініз.