Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ұлтты бастар - Рухты жастар

ҰЛТТЫ БАСТАР – РУХТЫ ЖАСТАР

Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауын, «Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар» атты Елбасы мақаласын насихаттау мен іске асыру.

Міндеті:

  • Жастар бойында Қазақстандық патриотизм, ұлттық рух, ұлттық идея қасиеттерін дамыту;
  • Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүйетін, өзге ұлттың тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын жастарды тәрбиелеу .
  • Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденцияларын анықтау және дамыту.

Орындалатын мерзімі: 2018-2019 ж.ж.

Қатысушылар: студенттер, оқытушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, спортшылар, ақын-жазушылар, мемлекеттік ж/е мемлекеттік емес ұйымдар т.б.

Жобаны жүзеге асырушы: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Жобаны іске асыру жоспары

Жобаны іске асыру алты бағыт бойынша жүзеге асады:

  1. Серпін берген жастарға жаңа жолдау (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Рухани Жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты халыққа жолдауларын насихаттау мен іске асыру);
  2. Жалынды жастар – ұлт болашағы (Республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі жастар Форумын, патриоттық, зияткерлік сайыстар, спорттық акциялар, фестивальдар т.б өткізу);
  3. Рухани Жаңғыру: ұлттық бірегейлікті сақтау (Белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылармен, спортшылармен кездесулер, пікір алмасу алаңдарын, поэзия, еске алу кештерін, ұйымдастыру);
  4. Келешек көкжиегі - Жастар (студент жастардың шығармашылық таланттарын қолдау мақсатында өлеңдер жинағы, шығармалардан,  әңгімелерден құралған жинақ басып шығару, облыстық, қалалық, университеттік БАҚ-та студенттердің мақалаларын жариялау);
  5. Ел ертеңі – білімді жастар (Республика, облыс, қала мектептерінде педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында дөңгелек үстелдер, пікір алмасу алаңдарын, семинар-тренингтер, курстар, концерттік бағдарламалар, жобалар байқауын ұйымдастыру);
  6. Жылы жүрек, жомарт қол – жақсылыққа бастар жол (Республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі патриоттық, қайырымдылық, әлеуметтік акциялар ұйымдастыру).

Байланыс мекен-жайы: Өскемен қ., 30-шы гв.дивизияшылар к., 34, 2 қабат, 239 кабинет

Телефоны: 8(7232) 540-708, 8 747 142 52 61

× You found a Typo