Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университет филиалы

C. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ-дың БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ БӨЛІМШЕСІ (МОҢҒОЛИЯ)

Моңғолиядағы бөлімшенің директоры – Жолаушыбай Зұлқарнайұлы
филология магистрі

ҚР Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы «Шетелде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 3308 Жарлығын орындау мақсатында 2001 жылы Монғолияда Университеттің бөлімшесі ашылды.

Филиалдың ашылуы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды және Моңғолия Мәдениет және ғылым, білім министрінің (22.08.2001, № 2001/15) бұйырығымен рұқсат етілді.

Филиалдың білім беру қызметі 2008 жылғы 6 тамыздағы ҚР Білім және ғылым министрлігі және Моңғолия Мәдениет және ғылым, білім министрінің арасында жасалған білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 5 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі күні бөлімшенің 1-2 курстарында 189 студент 4 мамандық бойынша білім алады: «Информатика», «Есеп және аудит», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті».

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Монғолия Білім, мәдениет және ғылым министрлігінің арасындағы келісім-шартқа сәйкес студенттер 3 курстан бастап оқуды Өскемен қаласында жалғастырады. Қазіргі кезде біздің университетте оқуын жалғастырып жатқан бөлімшенің (3-4 курс) студенттеріне ҚР Үкіметінің шешімімен оқу гранттары бөлінді. Филиал студенттерін оқыту ҚР стандарттарына сәйкес әзірленген университеттің оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. 2005-2006 оқу жылынан бастап филиалда кредиттік оқу жүйесі енгізілді. Монғолияның С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бөлімшесі шетелде 100 мыңдай қазақ ұлт өкілдеріне білім беру қызметтерін көрсететін жоғары оқу орны болып табылады.

Негізгі талаптар:

  1. Білім және ғылым саласында ҚР мен Моңғолия арасында халықаралық байланыстарды дамыту және нығайту;
  2. Мамандарды ҚР жоғары кәсіптік білім мемлекеттік стандарттарына сәйкес дайындау;
  3. Бірлескен Ғылыми зерттеулер жүргізу, алдыңғы қатарлы білім беру тәжірибесін жинақтау, тарату және халықаралық қызметтің барлық салаларында шығармашылықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  4. ҚР мен Монғолия Республикасының заңдарына сәйкес білім беру саласына бағытталған қаражатты құнсызданудан қорғау үшін коммерциялық білім беру қызметін жүзеге асыру.
× You found a Typo