Визаны рәсімдеу
ҚР келген шетелдік азаматқа виза алу талап етілмейтін жағдайда уақытша келу мерзімі 90 тәуліктен аспайды. Егер шетелдік азамат оқу жөнінде келісімшарт жасасатын болса, оның уақытша келу мерзімі оның жасасқан келісімшартының әрекет ету мерзіміне дейін ұзартылады, алайда, бір жылдан аспайды. Бір жыл өткеннен соң мұндай шетелдік азаматтар ҚР-нан шығуға, ал кейін жаңа көші-қон картасымен кіруге міндетті.
Көші-қон полициясында визаны рәсімдеу мерзімі – 10 жұмыс күні.
Визаны рәсімдеу, әрекет ету мерзімін ұзарту немесе қалпына келтіру үшін шетелдік студент визаның әрекет ету мерзімінің аяқталуына 25 күн қалған уақыттан бұрын халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттарды өткізуі тиіс: