ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ
Жастар ісі жөніндегі комиет (ЖІЖК) Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады. ЖІЖК ректораттың алдында факультеттер мен университеттің жастар құрылымы мен комитет ісінің тиіміділігі мен басқару жағдайы үшін жауапкершілікте.
ЖІЖК университет студенттерінің жан-жақты дамуы мен рухани, танымдық, интелектуалдық және әлеуметтік дәрежелерінің көтерілуіне жағдай жасаумен айналысады.Студенттердің Тәуелсіз Қазақстан идеясының төңірегіндегі жастар белсенділігін, азаматтық сана-сезімі мен демократиялық мәдениеті мен патриотизм қалыптастыру.
Әр түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы жастар ісі жөніндегі комитет студенттерді отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікке, салауатты өмір салтын насихаттауға шақырады.
ЖІЖК негізгі атқаратын қызметіне келесі тараулар кіреді:
Оқу орнымызда «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем», «ШҚМУ-дың Сұлтаны мен Бикеші», «Темекісіз өмір, есірткісіз өмір» атты шығармашылық сайыстары, Қазақстан Республиканың мемлекеттік мерекелеріне арналған іс-шаралар, «Эрудит» зияткерлік ойыны, сонымен қатар әр түрлі спорт жарыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.