Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоспарлы-экономикалық бөлім

ЖОСПАРЛАУ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ

Мекен-жайы:Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 (№5 ғимарат), 206 кабинет
Тел.: 8 (7232) 25-54-10 ( внут. 133)
E-mail: peo@vkgu.kz

Қаржылық-экономикалық бөлімі (бұданәрі-ЖЭБ) «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекетік университеті» РМҚК (бұдан әрі-Университет) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ректорға бағынады. ЖЭБ өз жұмыстарында ҚР заңдарын, басқа шешімдерді, ҚР Үкіметінің қаулысы мен өкімдерін, ҚР Білім және ғылым министрлігі нұсқаған нормативтік және әдістемелік құжаттарды, сондай–ақ университет бұйрықтарын, университет Ғылыми Кеңесінің шешімін басшылыққа алады.

Басты міндеті:
– – Тиісті бөлімшелермен бірлесе отырып, барлық қызмет түрлері бойынша шығындар сметасының, еңбек жоспарының жобаларын әзірлеу.
– – Университеттің барлық бөлімшелері бойынша студенттер оқуының бағасын дайындау.
– – ҚР Білім және ғылым министрлігіне, статистикалық органдарға есептік мәліметтерді уақтылы тапсыруды қамтамасыз ету.
– – Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, ШҚМУ-ға бөлінген қаржылай және еңбек қаражатының тиімді және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету.
– – Студенттер контингентіне сәйкес қаржыландыру түрлері бойынша кіріс пен шығыс сметаларының орындалуынан күтілетін есеп.
– – Шығын баптары бойынша шығыс және кіріс сметасының орындалу анализі.
– – Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып университеттің қаржы – шаруашылық қызметінің жоспарын әзірлеу.
– – Университеттің жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу.

Негізгі атқаратын қызметі:

  • Университеттің қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлауды ұйымдастыру, университеттің қаржы ресурстарына деген сұранысын анықтау және қамтамасыз ету.
  • Тиісті бөлімшелермен бірлесе отырып, университеттің шығын және кіріс сметаларының, еңбек жоспарының жобаларын әзірлеу.
  • Оқу бөлімімен, факультет декандарымен және кафедра меңгерушілерімен бірлесе отырып профессорлық – оқытушылық құрам бойынша, басқарма аппараты, қызмет көрсету және оқу-көмекші қызметкерлерінің саны бойынша оқу жылына жоғарыдағы мекемелерге ұсыну үшін жоба әзірлеу;
  • ПОҚ тарифтік тізімін және ПОҚ, ӘБП, қызмет көрсету және оқу-көмекші персоналдарының оқу жылдық штаттық кестесін құрастыру.
  • Бухгалтериямен және кадрлар бөлімімен бірлесе отырып статистикалық – қаржы органдары мен министрлікке жолданатын еңбек жоспарының орындалуы, жұмысшылардың саны туралы жылдық есеп және жұмысшылардың қызметтерінің бөлінуі туралы, өзге де қаржы бойынша кезеңдік және бір рет жасалатын жылдық есеп беру және т.б. құру.
  • Маркетингтік мәліметтер болжамын есепке ала отырып, университеттің барлық мамандықтарының оқу құнын әзірлеу.
  • Барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша ПОҚ, ӘБП, қызмет көрсету персоналы мен ОКП0 еңбекақы қоры мен штаттық бірліктерін жүйелі түрде бақылау және саралау.
  • Шығын баптары бойынша кіріс және шығыс сметасының орындалуын бақылау және саралау.
  • Жоспарлау – экономикалық бөлім университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен, бөлімдерімен және кафедралармен әрекеттеседі.
  • Университет басшылығына осы нұсқауда көрсетілген міндеттерге байланысты, жұмысты жетілдіру туралы ұсыныс жасайды.
  • Жарғы және басқа жалпы университеттік нормативтік актілер аясында қажетті шешімдер қабылдау, сондай-ақ ЖОО басқа басқару жүйесінің құзырлығында емес және заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асырады.

Жоспарлы-экономикалық бөлім қызметкерлерінің тізімі:

А.Ж.Т.ҚЫЗМЕТІ
1ҚАСАИНОВА АЙГЕРИМ АМАНГЕЛДЫКЫЗЫБӨЛІМ БАСТЫҒЫ (бала күтімі бойынша демалыста)
2КОРЫКБАСОВА КУРАЛАЙ БОЛАТБЕКОВНАБӨЛІМ БАСТЫҒЫ (НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БАЛА КҮТІМІ БОЙЫНША ДЕМАЛЫСЫ МЕРЗІМІНДЕ )
3КУРМАНБАЕВА АЛМА НУРБАПИНОВНАМАМАН-ЭКОНОМИСТ
4ҚУАТ ДАМИРА ҚАНАТБЕКҚЫЗЫМАМАН-ЭКОНОМИСТ
× You found a Typo