«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек кылудан, қызмет қылудан кашып, еріншек атанып, дүниеде əлгі айтылған ырысқа дұспан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, кекірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. Кеселді жалқау, қылжақбас, Əзір тамақ, əзір ас, Сыртың — пысық, ішің — нас, Артын ойлап ұялмас,— болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық. (Абай).
Мемлекеттік рәміздер
 Жаңғыру 3.0: Руxани жаңғыру

Талапкерді тіркеу

Хабарландырулар

  •  
  • 1 бірі 3
× You found a Typo