С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Б.Мамраев атындағы ғылыми кітапханасы «Қазақ Географиялық қоғамының Өскемен филиалының жазбалары» атты жаңа жинақтың тұсаукесерін өткізді. 2023 жылдың 17-нші шығарылымы «географияның заманауи мәселелері және Қазақстанның ғылыми мектептері» деп аталды.
2023 жылдың 4-5 мамырында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан тарихы, археология және өлкетану пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық онлайн пән олимпиадасы өтті.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері армрестлингтен өткен Азия чемпионатында топ жарды. Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен сында оқу орнының білім алушылары Маргарита Шорманова, Николай Мрзагарайев, Руслан Байгукшинов өнер көрсетіп, ел даңқын асқақтатты.
Педагогикалық мамандықтардың 4 курс білім алушыларының педагог білімін бағалау аралық қорытындылары, Академиялық комитеттер жұмысының, Жоғары бизнес және құқық мектебінің, Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялар қызметінің қорытындылары қаралды. Сондай-ақ, университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік еңбектері қаралып университет Ғылыми кеңесінің отырысына қарауға ұсынылды.
«Алтайтану» ҒЗО-да ашылған «Digital social research» зертханасы базасында «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік грантының иегері Антон Александрович Ивлев жүргізетін «Әлеуметтік процестерді талдауға арналған сандық бейнелеу құралдары» циклы бойынша алғашқы сабақ өтті.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да Иркутск мемлекеттік университетінің әлеуметтану ғылымдарының докторы, ғылыми жұмыс және халықаралық қызмет жөніндегі проректор Константин Григоричевтің үш күндік дәрісі өтті. Мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ету.
Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінің белсенді студенттері жарты жыл бұрын ғана өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен Ұлы Отан соғысының ардагері, I дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері Светочева Анастасия Павловнаға барып, құттықтап қайтты.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының екінші курс студенті Мағжан Шеризатов гір спортынан Азия-2023 чемпионатында жеңіске жетті. Биыл жарыс Қырғызстанда Бішкек қаласында өтті.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген жыл сайынғы игі дәстүр бойынша «Үміт» Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне университетте төрт жыл грантта білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды табыстайды.
«Ертіс концерт» концерттік залында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шығыстың алтын қоры» атты оқушылар фестивалі өтті. Мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беру, оқу орнымен таныстыру мақсатын көздеген шараға облыстың қала мен аудандарынан 700-ден аса оқушы қатысты.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кеңесінде оқу орны ректоры Мұхтар Төлеген университет қызметкері – «Берел» баспасының директоры Сараш Ислямоваға «NUR.KZ» республикалық баспа үйінің атынан көп жылдық және жемісті еңбегі үшін «Тұғыры биік тұлға» төсбелгісін және кітабын табыс етті. Кітапта университет қызметкерінің өмірбаяны туралы сыр шертетін мақала жарық көрген.
Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобы» және «Варшава шарты әскерлерінің тобы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдерімен кездесу өтті.
Ленста Рақымжанқызы-ШҚО Құрметті азаматы,ҚР еңбек сіңірген ұстазы,еңбек ардагері. Ардагер ұстаз Ленста Рақымжанқызы өзінің талай жылғы қызметі мен мамандығына деген адалдығымен көпке үлгі.