Отан қорғаушылар күніне орай Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ базасында «AMANAT» партиясының жастар қанатымен ұйымдастырылған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті.
Жыл сайынғы «Студенттер көктемі – 2023» жастар шығармашылық байқауы аяқталды. Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері екі күн бойы көрермендерді қуантып, өз Жоғары мектептерінің намысын қорғады.
2022-2023 оқу жылының кезекті емтихан сессиясы қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ комплаенс-офицері Гүлмира Төлеубекқызы Байркенованың бастамасымен Жоғары мектеп студенттерімен онлайн кездесулер өтті.
«Студенттер көктемі» жалынды жастар үшін жылдың ең маңызды шарасы. Ән мен би, әзіл мен өлең өрілген нағыз өнерпаздардың бәсекесі. Бірінші күні Педагогика, Бизнес және құқық, сондай-ақ ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектептері өнер көрсеткен еді. Байқаудың екінші күні Жоғарғы колледж бен Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері өз шығармашылығын ұсынды.
Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының оқытушылары, профессор Н.Завалко, доцент С.Сахариева және қауымдастырылған профессор Н.Радченко «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының бакалавриат және магистратура білім алушыларымен «Ғылыми workshop» форматында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді.
Оқушылар университеттің білім беру бағдарламалары, оқу ақысы бойынша жеңілдіктер, 2022-2023 оқу жылында ұйымдастырылатын байқаулар мен олимпиадалар, 2022 жылғы грантқа өту ұпайлары туралы ақпарат алды.
ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Кеңшілік Тышхан «Тарих» және «Дінтану–философия» мамандықтарының білім алушыларына деструктивті діни ағымдардың жастарға әсері туралы айтты.
Өскеменде «Біздің Өскемен» интеллектуалды квиз-ойыны өтті. Ойынның ұйымдастырушысы Amanzholov University ұжымы. Қазақша өткен білімділер сайысында 17 команда бақ сынады. Облыс орталығында қазақ тіліндегі жалғыз квиз-ойыны осы. Ойынның авторы және жүргізушісі Дарын Нұрсапаровтың айтуынша, елдегі қазақ тілінде өтетін квиз-ойынның бастауы Өскемен қаласы болды.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханым келді. Бас консул сапарының мақсаты – іргелі оқу орнымен серіктестік орнатып, білім-ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыру.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да Студенттер көктемі – 2023 шарасы басталды. Жыл сайын өтетін байқау арқасында шығысқазақстандықтар Amanzholov University-дің дарынды студенттерімен жақсы таныс. Керемет кешті көруге студенттер ғана емес, университет қызметкерлері тіпті, өзге оқу орындарының білім алушылары да келді.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде В013 «Биология» – білім беру бағдарламаларының тобы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Білім бәйгесіне ШҚУ білім алушылары да қатысты.
15-16 сәуір күндері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Ділмар» дебат клубының ұйымдастырумен, оқу орны ректоры Мұхтар Төлегеннің қолдауымен ғалым Сәрсен Аманжоловтың 120 жылдығына арналған «Келешектің тұтқасы – Білімді ұрпақта» атты республикалық дебат турнирі өтті.
Абай атындағы ШҚГК «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Шет тілі», «Дене шынықтыру және спорт», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының бітіруші курсының 150-ден астам студенті университетке түсу, ұсынылатын жеңілдіктер мен университеттегі ТжКБ базасында оқыту ерекшеліктері жайында өзекті ақпаратпен танысты.