22 сәуірде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, «Болашағы біртұтас ұлт» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
9-10 сәуір күндері Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университеті, «Шаңырақ» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ректор кубогына арналған «Алғыс Айтамын Халқыма» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Өткен сенбіде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Серпін-2050» штабының жетекшісі Берік Қадірұлының бастамасымен жоба жеңімпаздарының қаламыздағы өзіндік пікірі мен орны қалыптасқан белсенді жастармен кездесуі өтті.
№1 оқу ғимаратында «Erasmus+»: «Трансшекаралық су пайдалану тұрақтылығы мақсатындағы институционалдық серіктестік: Ресей және Қазақстан» жобасының құрамына кіретін университет жұмыс тобының кеңесі өтті.