Алтай мемлекеттік университетінің география институтында (Барнаул қ., РФ) География институтының құрылғанына 35 жыл және профессор, г.ғ.д. В.С.Ревякиннің туғанына 85 жыл толуына арналған конференция өтті.
Физика кафедрасында техника ғылымдарының докторы, Томск ұлттық зерттеу политехникалық университеті (РФ) Ядролық технологиялар инженерлік мектебінің эксперименттік физика бөлімінің профессоры А.В.Градобоевтің «Бұзбайтын бақылаудың физикалық негіздері» дәрістері басталды.
Ұлы Витаутас атындағы университет (Литва) пен Алтай мемлекеттік университетінің (РФ) өкілдері біздің университетпен бірлескен жұмыс туралы, атап айтқанда қос диплом желісі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту әлеуеті туралы айтып берді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы V Жастар спорттық ойындарында С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Айбек Сабырбеков жүлделі орын иеленді.
Химия кафедасы Абай ауданы және Өскемен қаласы мектептеріндегі химия, биология пәндерін таңдаған оқушылармен «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те, көретініміз химия ғажайыптары» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, ШҚО мәслихатының депутаты Қ.Қ.Рахимбердинді 50 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.
2 сәуірде ZOOM платформасында "Жоғары мектептегі білім беру технологиялары" тақырыбында онлайн семинар өтті, оны Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения өкілдері қатысқан STAR-NET тақырыптық топтары ұйымдастырды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Математика кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне арналған «Математикадан олимпиадалық есептерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары облыс және Өскемен мектептерінің түлектерімен онлайн кездесу өткізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» бойынша оқушыларға арналған аймақтық пәндік онлайн олимпиада өтті.
«Таңдау жаса!» кәсіптік бағдар беру апталығы аясында мектеп мұғалімдері және 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Математикалық есептерді тиімді әрі жеңіл шешу әдістері» атты онлайн сабақ өтті.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да онлайн режимінде колледждің тұңғыш директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Серік Зайтанұлы Тайбағаровты еске алуға арналған «Жастар ғылшым мен білімді шыңдаған, тәрбиемен ұштастырған болашақтың кепілі» атты облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогика, психология және мәдениет факультеті ДШжСТмӘ кафедрасының 3 курс студенті Дилан Капанов ашихара каратэден ел чемпионатында 1 орын алды.