С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылыми қызметкерлер арасында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша дәстүрлі байқау басталды. Биыл байқауға үздік атануға үміткер тоғыз жас ғалым қатысты.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да университеттің 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, докторанттары, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері арасында байқау басталды.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Не? Қайда? Қашан?» кезекті зияткерлік ойындары өтті. Викторина ғылым, өнер, математика, журналистика, технологиялар және логика бойынша сұрақтардан тұрды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойындардың басты мақсаты – жастардың бойында қоғамдық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Студенттер қонақ дәрісі барысында нақты мысалдарға жүгіне отырып, коммерциялық жобаны ілгерілету стратегиясын құру кезеңдері және белсенді шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау туралы білді.
Amanzholov University-де облыстық "Халифа Алтай" мешітінің өкілдерімен бірлесіп қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан бір жарым мың студентке арналған ауызашар өткізілді.
Кәсіпкерлер палатасының өкілдері білім алушыларға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазіргі қолданыстағы бағдарламалар, атап айтқанда әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламалары және оларды қаржыландыру туралы айтып берді.
Orhun бағдарламасы студенттердің Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Венгрия университеттерінде бір семестрден бір жылға дейінгі мерзім бойы білім алуын көздейді.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Е. Нұртазина «Педагогикалық білім беру және менеджмент» кафедрасының бірінші және екінші курс студенттеріне ерте жастағы балалардың сыни ойлауын дамытуда бүгінгі таңда қажетті белсенді оқыту стратегияларының рөлі туралы айтып берді.
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының ресми сайтында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің мемлекеттік гранттық қаржыландыруын алған жобалардың аяқталуының қорытынды нәтижелері жарияланды.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ғылыми кеңес өтті. Жиналыс барысында басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген төсбелгілер табыс етті.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Мейірім» қозғалысының еріктілері зейнеткерлерге арналған «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты концерттік бағдарламасын ұйымдастырды. Аға буын өкілдерін құттықтауға және оларға сыйлықтар табыстауға «Мархабат.KZ мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен университет студенттері келді.
Ол Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының үш университетінің студенттері арасында өткізілді. Айта кетейік, олимпиада Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері, 1966-1984 жылдардағы Қазақ КСР-інің Бас прокуроры, 1-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Өтеген Сейітовтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Университетте «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін Бизнес және құқық жоғары мектебінің әдістемелік онкүндігі аясында «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.