Қазақстанда отбасылық-некелік даулар мен жанжалдарды бір жерде шешуге бағытталған отбасылық сот құру ұсынылды. Бұл идеяны халықаралық дөңгелек үстел аясында «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары мен заңгерлер ұсынды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушыларға мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың жаңашылдықтары мен перспективалары туралы айтылды.
Әдістемелік апта аясында «Негізгі және қосымша траекториялары бар білім беру бағдарламаларын (Major-Minor) әзірлеу» тақырыбында семинар өтті. Оған кафедралардың меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Ділмар» дебат клубының ұйымдастыруымен «Алаш» қозғалысының мүшелері Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойына арналған «DILMAR CUP» қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да кезекті ғылыми кеңес өтті. Кездесу барысында спикерлер жоғары оқу орнының жұмысына қатысты 5 өзекті мәселені талқылады.
Дәстүр бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Наурыз мерекесін – көктемгі жаңарудың, жаңа өмір мен мүмкіндіктердің символы ретінде кеңінен атап өтуде. Оқу аптасының соңында біз Тарихқа тағзым күнін атап өттік.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының ережелерін түсіндіру бойынша студенттермен онлайн-сабақ өтті.
Бизнес және құқық жоғары мектебінің базасында «Кәсіби стандарттарға сәйкес бухгалтерлік кәсіпте кәсіби құзыреттіліктерді дамыту» тақырыбында бірінші семинар басталды.
Жетінші корпуста жас ұрпаққа арналған Шежіре күні атап өтілді. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Үлкендер жастарға батасын беріп, елдің, өлкенің тарихы, ерлігі туралы айтады.
«1С-рейтинг» ЖШС-нің өкілдері қандай қызмет атқаратындарын түсіндіру және білім алушыларды өндірістік практикаға шақыру мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға келді.
Екінші күн қатарынан С. Аманжолов атындағы ШҚУ табиғаттың жаңаруын, жаңа өмірлік циклдің басталуын атап өтуде. Бұл жолы Жайлау күні тоғызыншы корпуста тойланды. Осы корпуста студенттер мемлекеттік қызметтің, журналистика мамандығының қыр-сырымен танысады, шет тілдерін үйренеді.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасында «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығында педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының сениор-лекторы Гүлнұр Қилыбаева студенттер үшін Наурыз мерекесіне орай безендіру атрибуттарын дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді.