Сообщение об ошибке

  • Warning: Creating default object from empty value в функции ctools_access_get_loggedin_context() (строка 1411 в файле /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

28 қараша - Тұңғыш Президент Күніне орай «Мен жастарға сенемін!» Республикалық жастар студенттік патриоттық форумы

2017 жылдың 28 қарашасында Тұңғыш Президент Күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде «Мен жастарға сенемін!» атты Республикалық жастар студенттік патриоттық форумы өтеді.

Форум бағдарламасы келесідей іс-шараларды қамтиды:
- «Мемлекеттің инновациялық дамуына менің қосар нақты үлесім» атты студенттердің әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобаларының байқауы;

- «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты тақырыпта жазылған студенттік эссе байқауы;

- поэзия жанры бойынша студенттердің «Мен жастарға сенемін!» атты азаматтық-патриоттық сипаттағы туындыларының байқауы;

- «Мәңгілік ел – мұратым!» патриоттық ән орындаушыларының байқауы.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орынға ие болған қатысушылар үшін басты сыйлық – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бір жылдық оқу гранты. Үздік байқау материалдары студенттік жұмыстардың арнайы жинағына шығарылады.
Байқауға қатысуға ниет білдірген ШҚМУ студенттерінің өтінімдері мен жұмыстары 2017 жылдың 14 қарашасына дейін Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығында қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қазақстан к.,55 (әкімш.ғимарат), 303 каб, тел.: 8/7232/241-401; +7-702-910-30-05; +7-777-741-01-04; +7-777-51-51-771.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Undefined
× You found a Typo