Сообщение об ошибке

  • Warning: Creating default object from empty value в функции ctools_access_get_loggedin_context() (строка 1411 в файле /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Үштұғырлы тіл – жастардың болашағы мен мүмкіндігі

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Өскемен қаласы мектептерінің өзге ұлт оқушылары арасында мемлекеттік тілден олимпиада өтті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы мен Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының ұйымдастыруымен өзге ұлт оқушылары арасында «Үштұғырлы тіл – жастардың болашағы мен мүмкіндігі» тақырыбында олимпиада өтті.

Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептері бойынша олимпиадаға 46 оқушы қатысты. 10 сынып бойынша 24 оқушы, 11 сынып бойынша 22 оқушы өз білім деңгейлерін сынады.

Қатысушылар олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі орындармен марапатталды. І орын – 2 оқушы, ІІ орын – 4 оқушы, ІІІ орын – 8 оқушы. Қалған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Русский
× You found a Typo