Сообщение об ошибке

  • Warning: Creating default object from empty value в функции ctools_access_get_loggedin_context() (строка 1411 в файле /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value в функции ctools_access_get_loggedin_context() (строка 1411 в файле /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value в функции ctools_access_get_loggedin_context() (строка 1411 в файле /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value в функции ctools_access_get_loggedin_context() (строка 1411 в файле /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

В ВКГУ проходит онлайн-конкурс «Мисс ВКГУ»

Впервые в ВКГУ им.С. Аманжолова конкурс «Мисс ВКГУ» проводится в онлайн-режиме.

Голосование за претенденток началось 10 апреля, 20 апреля – второй тур голосования.

Представляем рассказы конкурсанток о себе.

Токтасинова Рената Ришатовна

Я  родилась в 2001 году 12 сентября.

Учусь в Восточно-Казахстанском государственном университете имени С.Аманжолова. Я - студентка 1 курса факультета экономики и права.

моя мечта - после окончания университета хочу устроиться на работу в уголовный розыск и приносить пользу обществу.

Главная моя цель - это найти своё место в жизни, призвание, то, ради чего будет интересно жить и двигаться вперед.

Мое хобби - кулинария, люблю готовить по новым рецептам, всё время пытаюсь попробовать что-то новое, использовать новые ингредиенты и методы приготовления.

Свободное время предпочитаю проводить с семьей, читая интересные книги, просматривая фильмы и телепередачи.

Мой девиз соответствует моей мечте: «Сквозь тернии к звёздам».

Сайфуллина Аружан Сайфуллақызы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Биология» мамандығының 2-курс студентімін.

«Andres model agency» модельдер мектебінің түлегімін. «Мисс Өскемен – 2019» байқауының финалистімін және «Вице-мисс Өскемен – 2019» титулының иегерімін. Ертіс-концерт мекемесінің «Имидж» тобының моделімін. «Өскемен фильм» академиясының тыңдаушысымын. Бос уақытымда кітап оқып, шет тілдерін үйренемін.

Менің өмірлік ұраным – «Арманда, жоспар құр және оны іске асыр!».

Сейтқанова Әдемі Дәуренқызы

Жаратылыстану ғылымдары және технология факультеті химиялық криминалистикалық сараптама мамандығының 1-курс студентімін.

Мақсатым – өнер жолында биіктен көріну, шығармашылықпен айналысу, Қазақ еліне өз үлесімді қосу.

Хоббиім – блогер, видео түсіріп монтаждау, актриса, ән айту.

Өзім туралы айтатын болсам, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласының тумасымын. Отбасымда бес адамбыз. 2019 жылғы мектеп түлегімін. Қосымша актриса мамандығын оқимын. Қысқаметражды фильмдерге, клиптарға түскенмін. Көптеген киноларға шақырту алдым. Он жасымда «Айгөлек» ән байқауының бас жүлдегері болдым. Сурет салғанды жақсы көремін. Дзюдо спортынан республикалық жарыста жүлделі орын алып, спорт шеберіне үміткер атандым. Сарсен Аманжолов атындағы университетте ұйымдастырылған «Бірінші курс таланттары» сайысында Жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінің құрамында өнер көрсетіп, 1-орынға ие болдық.

Нагашыбаева Асылзат Онталаповна  

Жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінің 1-курс студентімін.

Менің хоббиім – бимен айналысамын және түрлі тәттілерді пісіргенді ұнатамын.

Менің арманым – «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің арманым өте көп, сол арманың бірі – «Қазақстан аруы» атану. Осы байқауға қатыса отырып, мен өз арманыма бір қадам жасадым.

Жунусова Альбина.

Я являюсь студенткой 2-го курса Восточно-Казахстанского государственного университета имени Сарсена Аманжолова факультета психологии, педагогики и культуры, специальность «Дефектология».

Я счастлива ,что учусь в этом учебном заведении, ведь здесь мне дают новые знания, университет стал вторым домом и меня окружают очень интересные люди!

С раннего детства я всегда испытывала потребность приносить людям радость и пользу , всегда хотела быть примером для подражания, и я поняла, что необходимо двигаться по жизни уверенными шагами и прилагать для этого немало усилий!

На данный момент могу сказать , что я все ближе и ближе к своей цели, ведь цель - это нечто большее чем мечта, а мечта - это желание конкретного счастья. Моя цель это обучаться и развиваться…

Ғазизова Зарина Ғазизқызы

2002 жылы қазан айының 20 жұлдызында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келгенмін. 2019 жылы Т. Көмекбаев атындағы мектеп-лицейді бітіріп, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университтінің студенті атандым.

Бос уақытымда бимен айналысқанды жаным сүйеді, сурет салғанды, музыка тыңдағанды, тыныш жерде серуендегенді ұнатамын.

Арманым – оқуды үздік бітіріп, үлкен жетістіктерге жету.

Асылбек Ақерке Құрметқызы  

Психология, педогогика және мәдениет факультеті «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының 4-курс студентімін, болашақ офицермін. Туған жылым – 1998.

Мақсатым – диплом алу және осы сайыста жеңу.

Хоббим – волейбол, ән айтамын және тоқыма тоқимын, торт пісіремін.

Арманым – тәжірибелі маман, сүйікті жар және аяулы ана атану.

Мен саналы түрде оңай емес жолды таңдадым, өз өмірімді қиын, сонымен қатар Отанымыз үшін құрметті және жауапкершілігі жоғары мамандықпен байланыстырдым. Нәзік, сонымен қатар темірдей берік мінезді, қорықпастан өз бетімше шешім қабылдай алатын және экстремальды жағдайларға әрдайым дайын қызбын.

Уалханова Анель

Я - студентка ВКГУ имени С. Аманжолова. Учусь на факультете ППИК, по специальности «ПИМНО».

Родилась и выросла я в селе Аксу Катон-Карагайского края. Наверное, всему Казахстану известна красота моей малой родины!

Священные предки даровали нам эти места, зашищяя их кровью и потом. Поэтому эти земли пропитаны казахскими обычьями, отвагой наших батыров и сам дух казахского народ живет в этих краях.

 Доказательством тому, что Катон-Карагай и вообще сельская местность поселили в моем сердце огромную любовь к лошадям, стало мое хобби. Да, мое хобби – это лошади и все, связанное с ними.

...Наверное моя безграничная любовь к лошадям и мастерская езда на них - лишний раз доказывает то, что я настоящая казашка...

 «Ару-көктем, ару- ана, ару – қыз» дегендей, мен де ару қыздың бірімін, атым.

Ерікова Әсел

Ата-анамның ерке де ақылды қызымын, отбасымда береке мен бірліктің жаршысымын. Қазақтың салтын ұстанып, әке жолын қудым. Экономика және құқық факультетінің 2-курс студентімін. Болашақ мамандығым – заңгер. Жаным әділдікті қалайды. Елімде Ата заңымыздың қатаң сақталуын қалаймын, осы жолда қызмет атқарамын деп алдыма мақсат қойдым.

Факультетте топтың старостасы болып, достарымнан көмегімді аямаймын. Ал, қазір университеттегі қоғамдық жұмысқа қызығушылықпен атсалысып жүрмін. Сондықтан да «ШҚМУ аруы – 2020» сайысына қатысып, сынақтан сүрінбей өтіп, өнеріммен өмірімді тербеймін.

Хоббиім – тәтті торттар мен пирогтар пісіру.

Айтбаева Алтынай Сейсенқызы

Мен Катонқарағай ауданының тумасымын. Қазір дефектология мамандығы бойынша 3-курста білім алудамын. Жасым 19-да.

Бос уақытымда табиғат аясында серуендеп, өлең шумақтарын құрағанды ұнатамын. Себебі табиғат адамның миын тынықтырып, шаршағаныңды басады және ойыңа жаңа идеялар салады.

Спорт – денсаулық кепілі. Сүйікті спорт түрлерім – волейбол және шахмат. Волейбол менде дәлдік, ұстамдық және тепе-теңдік сынды қасиеттерді дамытса, шахмат ойлау қабілетімді жақсартады. Айтқандай, былтыр университетіміздің атынан Х жазғы Универсиадаға барып, волейболдан 3-орын иелендік.

Спорттан бөлек өнер де адамға көптік етпейді. Мен мектеп кезімен домбыра, би, қолөнер үйірмелеріне қатыстым. Қазір де осы өнерлерімді тастамай, дамытудамын. Былтыр «Мисс Өскемен – 2019» байқауына қатысып, «ІІ Вице-мисс Өскемен – 2019» жүлдесін иелендім. Бұл дәрежеге жеткізген өз өнерім мен жауапкершілігім деп ойлаймын.

Армансыз адам болмайды. Арман адаммен бірге өседі, өркендейді. Мен де бала кезімнен кішкентай сәбилерді емдеп, көмектесуді армандайтынмын. Енді осы арманыма бір қадам жасау арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету, олардың жазылып кетуіне біраз болсын үлес қосу мақсатыма айналды.

Осындай мақсатымды орындауға мүмкіндік беріп отырған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға өз алғысымды білдіремін.

«ШҚМУ аруы» сайысына қатысу себебім – осыған лайық екенімді өз-өзіме дәлелдеу.

Следите за новостями!

Пресс-служба,

отдел по воспитательной работе и социальным вопросам

Русский
× You found a Typo