Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» кітап көрмесінің ашылуы – 7 ақпан

7 ақпанда сағат 15.00-де Пушкин атындағы облыстық кітапхананың акт залында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, тарихшы Советхан Қабдуәлиұлы Игібаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег Василевич Чугунков, мәдениет, спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков, «Шығыс ақпарат» медиахолдингінің басшысы Нұрбек Мұхаметқалиұлы Бекеновтің және қала жұртшылығының, жазушылар мен тарихшылардың қатысуымен Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» кітап көрмесі ашылады.

Әлемнің жетекші мұрағаттарынан Қазақстан тарихы туралы құжаттарды жинауға және зерделеуге мүмкіндік берген «Халық Тарихы толқынында» бағдарламасының арқасында еліміздің шынайы мемлекеттілігі 1465 жылдан, яғни Қазақ хандығы құрылған кезеңнен басталғаны анықталды. Тарихшылардың қолдауымен А.С.Пушкин атындағы кітапхана мамандары ұйымдастырған көрмеде қазақ мемлекеттілігінің басталуы тақырыбын ашатын кітаптар, зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды таңдап, ұсынды.

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан территориясы туралы  2013 жылы Алматыда тарих ғылымдарының докторы З. Самашевтың редакциясымен үш тілде жарық көрген тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Төлеубаевтың «Қазақстан археологиясының қола және ерте темір дәуірі мәселелері» монографиясында  ашып көрсетілген. Кітап Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында орналасқан Шілікті археологиялық кешенінің көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осы тақырыптың жалғасы ретінде қазақ-корей бірлескен «Қазақ даласы әміршілерінің алтыны»,  ерекше каталогы ұсынылған. Аталған еңбекте Қазақстанның ерте тас дәуірі «тас обалары» сонымен қатар Ұлы Жібек жолындағы мәдениеттердің  өзара қарым-қатынасы мәселелері  және Қазақстанның кең байтақ территориясын мекен еткен сақ және сарматтардың  зергерлік өнерінің ежелгі Корея мәдениетіне ықпалы қарастырылған.

«История казахской государственности: древность и средневековье» (Алматы, 2007), «Хранители великой Степи» («Тау-Кайнар»,2016) кітаптары ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстандағы мемлекеттіліктің дамуындағы тарихи сабақтастық тақырыбын ашады. Ұсынылған әдебиеттерде қазақ хандығының мемлекеттік-саяси институттарының бұрынғы саяси бірлестіктермен байланысы көрсетілген.

Қазақ мемлекетінің құрылу тарихында жарқын із қалдырған Б. Карибаевтың он жеті билеуші туралы «Казахские ханы» кітабы оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырары сөзсіз.

«Алаш» көсемдерінің тағдыры, олардың шынайылығы, қайсарлығы, Ұлы Отан соғысының батырлары және қазіргі заман азаматтарының  ерлігі туралы ақпараттарды көрмеден табуға болады.

Келесі кітаптар топтамасы біздің елімізді тәуелсіз, әлемдік қоғамдастық мойындаған мықты, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде көрсетеді:  «История становления независимости Казахстана» (Таймас, 2008), «Тәуелсіздік Қазақстан: күннен күнге» (Раритет, 2011), Г.Есим «Философия независимости» (Алматы, 2011), Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі».

Көрмеден оқырмандар И. Калашниковтың XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басындағы  Тимучин - Шыңғыс ханның өмір тарихын баяндайтын «Жестокий век» романын да таба алады. Сондай-ақ, XV ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейін Темір империясы құлағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігу кезеңінде қазақ халқының тарихын қайта жаңғыртқан І. Есенберлиннің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясы да оқырманға қызық болары сөзсіз.

Көрмемен танысқаннан кейін барлық тілек білдірушілер қонақтар дәріс тыңдап, тарихи блиц тестілеуден өтіп, латын қарпінде тақырыптық диктант жазуға шақырылады. Баршаңызды тарихтың жаңа парақтарын ашып, «өткенге көз салып, болашақты  түсінуге» шақырамыз.                                                         

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo