Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

MakerSpace - ашық шығармашылық кеңістік

14 наурыз 12.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада MakerSpace (Мэйкерспейс) шығармашылық алаңы салтанатты түрде ашылады. MakerSpace – ол облыстық кітапхана мен Қазақстандағы АҚШ Елщілігінің біріккен жобасы. Салтанатқа баспасөз, мәдениет және білім мәселелері бойынша АҚШ елшісінің кеңесшісі Энтони Пахигян қатысады.

MakerSpace жобасының негізгі идеясы – Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында ел алдына қойған мақсаттарына сай келеді: ІТ - білімнің қалыптасуына аса көңіл аудару, 3D-принтинг сияқты перспективті салаларды дамыту, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру.

А.С.Пушкин атындағы кітапхананың MakerSpace алаңы өз пайдаланушыларына үш өлшемді принтер мен сканер, заманауи компьютер-моноблоктар, 3D-қалам жинағы, қызықтыратын инженерлік жинақтар т.б. ұсынады. Мұнда кез келген пайдаланушы кинестетикалық құм, түрлі-түсті қамыр және басқа да шығармашылық материалдармен жұмыс істеп эстетикалық әсер алса, екінші жағынан 3D-принтер, робот құру негіздерін үйреніп, физика және электроника саласында өз қабілеттерін тексере алады.

Мейкерлер қозғалысының негізі – тәлімгерлік. Қазіргі күні А.С.Пушкин атындағы кітапхананысы менторлар командасын құрды (тәлімгерлер, тренерлер), олар әрдайым кеңестер мен нұсқаулар береді, жаңа құралдар мен қызметтің жаңа түрлерін игеруге көмектеседі. Ол үшін кітапхананың MakerSpace алаңында баршаға арналған үйірмелер, экспресс-курстар, шеберлік-кластары, көрмелер мен шығармашылық кездесулер өткізілетін болады.

Жаны жаңалыққа құмар баршаны бірге үйренуге, жаңа туындылар мен эксперименттер жасауға шақырамыз!

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo