Бас бетқе Ақпараттар Діни экстремизм өмірдің шындығына айналды

Діни экстремизм өмірдің шындығына айналды

20 қаңтарда университетте жастардың радикалды діни ағымдарға тартылуын алдын алуға арналған «Діни экстремизм: алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына саясаттанушы-ғалымдар, мемлекеттік билік органдарының, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, діни ұйымдардың өкілдері, оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты.  

Дөңгелек үстелде ШҚО діни істер агенттігі бастығының міндетін атқарушы Б. Әшімовтің «ШҚО-дағы діни жағдай туралы: мәселелер мен оларды шешудің жолдары», ШҚО ІІД діни экстремизммен күрес жөніндегі басқарманың бастығы Г. Оразбаеваның «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмге қарсы әрекеттердің қылмыстық-құқықтық аспектілері» тақырыптарындағы баяндамалары және университет оқытушыларының баяндамалары тыңдалды. Діни экстремизмнің алдын алу бойынша ұсыныстарды «Бірлік» қоғамдық ұйымының төрағасы С. Лебедев, ҚМДБ діни бірлестігінің бас имамы Н. Асанов, Қасиетті Покров приходының дінбасы Алексей әкей де білдірді.

Сонымен бірге дөңгелек үстелде «Дінтану» курсының қазіргі жастар бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әлеуеті, әдістемелік құралдарды шығару, тұрғындардың аз ақпараттануы, «Қазақстан Республикасындағы діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның діни эстремизмге қарсы рөлі мен маңызы мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Дәл осы күні университеттің ғылыми кітапханасы дөңгелек үстел тақырыбына қатысты кітап көрмесін ұйымдастырды. 

 


Счётчик ТИЦ