Аяз арқырап тұр
Кенді Алтайда арқыраған аяздар басталды. Міне, бір аптадай болды аяздың сынар түрі жоқ, қайта бой бермей күшейіп барады.
Өскеменде бүгін аяз -41 градусқа жетті. Мектептерде үш-төрт күннен бері сабақ болған жоқ. Қала басшылығы қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Кешкілік көліктердің қала сыртына шығуына рұқсат жоқ. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, бірақ оннан астам адам үсік шалып, дәрігерлік мекемелерде ем-дом алып жатыр. Келесі аптада да аяз сәл сынғанымен, түнге қарай қатты аяз сақталады дейді ауа-райын зерттеушілер.
Айтпақшы, қатты аяз салдарынан қалың тұман басып, міне үш күн болды, ұшақтар Алматы мен Астанаға қатынайтын он-он екі сағатқа дейін кешігуде.