Студенттер ардагерлерге көмек көрсетті
Оқу орнымыз ардагерлерге, зейнеткерлерге үнемі қайырымдылық көмек көрсетіп тұрады.
Жуырда университеттің 45 студенті 20-дан астам соғыс және еңбек ардагерлеріне отын дайындау, көмір енгізу, терезелерді бекіту, ауланың қарын шығару сияқты жұмыстар жасап, көмек көрсетті.
Акцияның мақсаты – егде адамдарға көмек көрсету арқылы студенттерді тәрбиелеу, еңбекке бейімдеу. Акция аясында студенттер ардагерлердің өмір жолдары туралы мәліметтер жинады. Университет атынан 5 жанұяға азық-түлік берілді.