Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «2009 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын өткізеді. Конкурсқа қатысу үшін шарттары мен ұсынылатын құжаттардың нысандары (www.edu.gov.kz) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналасқан. Кафедра меңгерушілері конкурсқа қатысушылардың тізімін Әдістемелік бөлімге 26.10.09 ж. дейін тапсырсын. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі: - Әдістемелік бөлімге 2009 жылғы 26 қазаннан 30 қазанға дейін; - ҚР БҒМ –не 2009 жылғы 26 қазаннан 15 қарашаға дейін.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақстандық білім порталын насихаттау және де білім-тәрбие үрдісінде интерактивті құрылғыларды қолданудың алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерін анықтау және тарату мақсатында 2009 жылдың 1 қазанынан ҮЗДІК САНДЫҚ ОҚУ РЕСУРСЫ атты конкурс бастайды. Конкурсқа барлық педагогикалық жұмысшылар қатыса алады. Кафедра меңгерушілері конкурсқа қатысамын деушілердің тізімін Әдістемелік бөлімге 2009 жылдың 30 қазан айына дейін тапсырсын |