Бас бетқе
Университет туралы
Қазақша | Русский | English
[Университет туралы] \
Логин

Пароль

СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  РЕКТОРЫ


Ректор ВКГУ Мамраев Бейбит Баймагамбетович

Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы 1957 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Ғылыми ізденісінің негізгі бағыттары - XIX-XX ғасырлардағы әдебиет тарихы, компаративистика, қазіргі заманғы мәдениет мәселелері.
Б.Мамраев М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесінің мүшесі. Докторлық және кандидаттық диссертацияларға ғылыми жетекшілік жасайды, соның ішінде Ресей мен Қытай азаматтарының. Әдебиет және фольклордың өзекті мәселелері бойынша тұрақты ғылыми басылымдардың редакциялық алқаларының мүшесі, бірқатар монографиялар мен жинақтардың жауапты хатшысы.
Бейбіт Баймағамбетұлы бірқатар шетелдік университеттер мен ғылыми ұйымдарда дәрістер оқыды: Нантер Университетінде (Париж) - 10, Сорбоннада - 3, Париждегі, Страсбургтегі (Франция), Стамбулдағы (Түркия), Гамбургтегі (Германия) халықаралық конференцияларға және Түрксой съездеріне қатысты. Қазақстандық ПЕН-клубтың мүшесі болып табылады. Елшілік шені бар.
Б.Мамраевтың кәсіби және еңбек қызметі негізінен Қазақстанның білім және ғылым жүйесімен байланысты. Орта мектепте мұғалім, Қарағанды мен Алматының жоғары оқу орындарында оқытушы болып қызмет атқарды. Көп жылдар бойы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жүйесінде еңбек етті, ғылыми хатшы, бөлім меңгерушісі, ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры болды.


2000 жылы ҚР Президенті Әкімшілігіне жұмысқа шақырылып, бірқатар жылдар бойы білім және ғылым секторын басқарды.
2004 - 2006 жылдары шетелдік іссапарда болды. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде кеңесші, Кеңесші - Уәкіл қызметін атқарды.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.
2008 жылдың сәуірінен бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional