- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары «Ономастикалық жаңғыру – рухани жаңғыру кепілі» семинар-кеңесінде баяндама жасады.
Катонқарағай ауданында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісованың төрағалығымен «Ономастикалық жаңғыру – рухани жаңғыру кепілі» семинар-кеңесі өтті.
Шарада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценттері, филология ғылымының кандидаттары Бердібек Бияров, Айгүл Әлімхан, Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев баяндама жасады.
Семинар-кеңеске аудандағы атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ақсақалдар, тұрғындар қатысты.
Семинарда елдімекендер мен жер-су атауларының тарихи атауларын қалпына келтіру мәселесі қаралды. Сонымен қатар, кеңес заманынан қалған идеологиялық тұрғыда ескірген көше атауларын ұлттық, тарихи атаулармен қайта атау ұсынылды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы